асхана жұмыстары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Коммунальное государственное учреждение
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72778) 59-0-32
Бухгалтерия
+7(72778) 2-31-37
Версия для
слабовидящих
10
март
2020

асхана жұмыстары

"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"Управления образования Алматинской области бойынша 2019-2020 оқу жылында оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырудың анықтамасы

2019-2020 оқу жылының наурыз айларында қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес әлеуметтік мәртебеге ие 49 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Асхананы жалға алушы Д.Шахаров есебінен 10 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Ыстық тамақтың бір күндік ақысы бастауыш сыныптар үшін 300 теңгені, ал жоғары сыныптар үшін күні 400 теңгені құрап отыр.
Мектептің ас блогы асханадан, буфет және тамақ сақтау бөлігінен тұрады. Асханада 1 мұздатқыш, 1 электр плиткасы, 1 пісіру шкафтары бар. Қазіргі таңда бұл құрылғылар жұмыс істеп жатыр. Мектеп асханасында ыдыс-аяқ 100 пайызға жабдықталған. Асханда екі адам жұмыс істейді, яғни бір аспазшы, бір аспаз көмекшісі бар.Бұл адамдардың барлығы медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар. Асхананың жұмыскерлерінің барлығы жұмыс киімдерімен, яғни халат, алжапқыш, бас киімдермен толық қамтылған.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы , азық- түлік сақтайтын қоймалар, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Ас блогы қызметкерлерін тексеріп - қарау журналы, дайын тағамдардың бракераж журналы, шикі тағамдардың бракераж журналы күнделікті асханаға түсетін азық- түліктер тіркеліп, сапасы мектеп медбикесі А.Ильясова тарапынан күнделікті қадағаланып отырады. Сүт өнімдері мен ет өнімдері әр қайсысы белгіленген өз орындарында тұр. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде жүргізілді. Асханада «Бақылау асы» қойылған.Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріледі. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай жүзеге асып отыр.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан тамақтанатын оқушылардың күнделікті ыстық тамақпен өз уақытында қамтылуы мектеп әкімшілігі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Велахунова мен әлеуметтік педагог З.Есейова , мектеп медбикесі А.Ильясова тарапынан қадағаланып тұрады. Мектеп асханасында кезекшілік кестесі құрылған. Кезекшілік кестесіне сәйкес мұғалімдер өз міндеттерін уақытылы атқарады.
асхана жұмыстары
асхана жұмыстары
асхана жұмыстары
асхана жұмыстары
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив