15
апрель
2021
"Туралықты тұғыр еткен төле би"
Бүгін 2021жылы 15 наурыз күні «А. Розыбакиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұстаздар мен оқушылар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы кезекті онлайн адалдық сағаты өттілді. Онлайн-бейнедәріс барысында жастар қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттерімен танысты. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.
Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиісдеп есептейміз.
https://youtu.be/oco0qFCBJDo