тәрбие бойынша жылдық жоспар 2024-2025 о.ж.
Бекітемін:
Директордың м.у.а. С.Имиршаева
А.Розыбакиев атындағы орта мектебі Управления образования Алматинской области
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша
2024-2025 оқу жылына арналған
жылдық тәрбие жоспары
Білім беру ұйымдарында"Біртұтас тәрбие"тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары
- Бағдарламаның Мақсаты:
- рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық ,парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде білім алушының үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыру.
- Бағдарламаның Міндеттері:
- Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
- -Отанға,өз халқына,оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- -Қазақстан Республикасының Государственные символыін құрметтеуге тәрбиелеу;
- -адалдықты,әділдікті,мейірімділікті,қамқорлықты,мейірімділікті және басқа да адамгершілік қасиеттерді дамыту;
- -табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
- Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
- -өзеліне деген мақтаныш сезімін және оның жетістіктерін тәрбиелеу;
- -отбасы,қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру;
- -өз құқықтары мен бостандықтарын,сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайындықты дамыту;
- -білім алушыларды әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту.
- Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
- - мінез-құлық пен басқалармен қарым-қатынаста адалдық пен әділдікке тәрбиелеу;
- -өз іс-әрекеттерімен сөздері үшін жауапкершілікті дамыту;
- -еңбекқорлықпен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты қалыптастыру;
- - басқа біреудің еңбегімен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
- -әр бір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуға жеке көзқарасты қамтамасыз ету.
- -білім беру ортасында қолайлы психологиялық-педагогикалық климат құру.
- дарынды балалармен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау;
- -отбасын тәрбие процесіне тарту.
Орта білім беру ұйымдарына арналған тәрбие жұмысы жоспары
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы–ұлттық, адами құндылықтарға негізделген.Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпы адамзаттық және құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Ата-ананың өсиетін тыңдауға,отбасы татулығымен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға,отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
- Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлықпен
- Әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
- Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмірсалтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
- Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
- Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ» ,«жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
- Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
- Әр ісіне қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
- Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
- Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды,табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
Құндылықтар:
- Тәуелсіздік және Отаншылдық
- Бірлік және Ынтымақ
- Әділдік және Жауапкершілік
- Заң және Тәртіп
- Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
- Жасампаздық және Жаңашылдық
Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінеді. Әр ай біртұтас тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
Қыркүйек – Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік айы
Қазан – Тәуелсіздік және Отаншылдық айы
Қараша – Әділдік және Жауапкершілік айы
Желтоқсан – Бірлік және Ынтымақ айы
Қаңтар – Заң және Тәртіп айы
Ақпан – Жасампаздық пен Жаңашылдық айы
Наурыз – Бірлік және Ынтымақ айы
Сәуір – Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік айы
Мамыр – Жасампаздық пен Жаңашылдық айы
ü Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Негізгі орта мектеп түлегі:
Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;
азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;
мемлекеттік тілді меңгеру;
Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен
жобаларға қатысу;
әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас;
Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.
- Құндылық: бірлік және ынтымақ
Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Негізгі орта мектеп түлегі:
қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;
сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;
тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;
бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;
басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.
- Құндылық: әділдік және жауапкершілік
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Негізгі орта мектеп түлегі:
өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;
әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;
оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;
берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;
басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;
- Құндылық: заң және тәртіп
Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Негізгі орта мектеп түлегі:
құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу;
тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;
қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.
- Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Негізгі орта мектеп түлегі:
өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;
түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;
өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;
еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;
жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын
саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу.
- Құндылық:жасампаздық және жаңашылдық
Құзыреттілік: шығармашылық
Негізгі орта мектеп түлегі:
Тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдерімен идеяларын ұсына білу;
Өзбетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;
бақылау,өлшеу,эксперименттермен тәжірибелер жүргізу;
модельдеу,таным объектілерінің құрылымына нықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы
қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу;
оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан
таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуге қолдана алу;
әртүрлі таным құралдарын қолдану дағдылары, әлем туралы білім жинақтау (тілдік,оқырмандық
мәдениет,ақпараттық,цифрлық ортадағы қызмет).
№ | Тәрбие жұмысының атауы | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі |
I. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету | ||||
1 | Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы. | Құқықтық жалпыға бірдей оқыту,ата-аналар дәрісі | Администрация | Үнемі |
2 | Неке(ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексі. | Құқықтық жалпыға бірдей оқыту,ата-аналар дәрісі | Администрация | Үнемі |
3 | Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі,орта,техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Республика Үкіметінің Қаулысы Қазақстан 2023 жылғы 28 наурыздағы№249. | Құқықтық жалпыға бірдей оқыту,ата-аналар дәрісі | Администрация | Үнемі |
4 | Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N345 Заңы. | Құқықтық жалпыға бірдей оқыту,ата-аналар дәрісі | Администрация | Үнемі |
5 | Жоғары оқу орындарын қоспағанда,білім беру ұйымдарындағы"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері" | Білім беру ұйымының тәрбие жоспары | Білім беру
Похожие публикации:21 октябрь 2021 "Адал ұрпақ" еріктілер клубының бағдарламасы аясында 6 "А" сыныбында өткен тәрбие сағаты. Тақырыбы: Шындық пен адалдық 24 май 2024 2023-2024 о.ж. есебі 15 апрель 2021 "Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы" 16 февраль 2024 Өзін-өзі бағалау. Тәрбие саласы 02 июнь 2023 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен
|