әлеуметтік педагогтың лауазымдылығы » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2022

әлеуметтік педагогтың лауазымдылығы

Бұйрықтың көшірмесі № 63-ө

01.09.2021ж

«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагог Есейова Замзагульның  міндеттері

1.Жалпы ережелер

1.1. Білім мекемесі әлеуметтік педагог тарифтік – біліктілік  мінездемесі негізінде жасалынған    лауазымдық нұсқау «А.Розыбакиев атындағы  орта мектебі»  мемлекеттік  мекемесінде   28  тамыз 2020 жылы  өткен   №1 педагогикалақ  кеңесінде қаралып бекітілген.

1.2.Біліктілік талаптары:

Жоғарғы әлеуметтік педагог білім мен немесе білім негізінде мамандық алған мамандар мектеп әлеуметтік педагогы болып бекітілді және белгіленген тәртіппен босатылады.

1.3.Әлеуметтік педагог тікелей мектеп директорына бағынады.

1.4.Мектептің әлеуметтік педагогы өз қызметінде:

 -Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Білім туралы»2007 жылғы 27 

шілдедегі Заңы; 

-Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы»;

2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 

2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518 Кодексі.

            -Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;

-Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы; 

-Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан 

шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге 

бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 Қаулысы

-«Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы

             -Тіл туралы заң  Қазақстан Республикасының 1997 жыл  11 шілде 

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2 .07.1998 жыл 

2. Лауазымдық міндеттері

2.1   Әлеуметтік педагог: 

- Әлеуметтік жағдайы нашар балалармен жұмысқа; 

- Үйде оқитын,мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысқа;

 - Жетім,жартылай жетім, толық емес отбасы балаларының әлеуметтік жағдайын анықтау; - Көпбалалы отбасының балаларының әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу;

 -Мектеп оқушыларының мінездемелерін жинақтауға; 

-Оқушыларды тіркеу журналын жүргізуге;

 -Мектеп ұжымымен жұмысқа; 

-Мектеп оқушыларының үйлерін аралап, әлеуметтік жағдайын зерттеп бақылау күнделігін жүргізу;

 2.2. Білімалушылар мен тәрбиеленушілердің   жеке психолого-медико-педагогикалық   ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді және мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық  жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

2.3Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды.

 2.4Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады.

2.5 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. 

2.6  Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен   қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.

2.7 Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас

жасайды. 

2.8 Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.


Әлеуметтік педагог мыналарға құқылы:

3. Әлеуметтік педагог өз қызмет бабы шегінде құқылы:

3.1. Мұғалімдердің кез-келген сабағына,тәрбие сағаттарына қатысуға аса қажеттілік болмаса, сабақ басталғаннан кейін кіруге және педагогқа сабақ үстінде ескерту айтуға құқығы жоқ. 

4.Өзінің қарамағындағыларға орындауға тиісті міндеттер беруге.

 4.1.Мұғалімдерден өзінің жұмысына қатысты керекті құжаттар мен мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.

5. Біліктілікке қойылатын талаптар:

5.1Жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

5.2 Біліктілігіжоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

5.3 Екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі; озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.

Біліктілікке  қойылатын   талаптар:

5.4  Жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 

6.Жауапкершілік

   6.1.Жүктелген міндеттерді орындамаған; Жарғының ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, Қазақстан Республикасының  Заң шығарушылық актілерінің, басқа жергілікті құқықтық актілердің лауазымдық нұсқаудың белгісіз, себептермен орындалмауы;

 6.2.Кәсіби қызмет үшін пайдалануға берілген құндылықтар, материалдар, жабдықтар, мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету; 

6.3. Мұғалімдер мен оқушылардың құқы мен бостандығының бұзылуы;

6.4. Әлеуметтік   педагогикалық   жұмысты , инновациялық қызметті өзін-өзі жетілдіруі бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастыруы;

 6.5. Әлеуметтік педагог  біліктілігі мінездемелерінің талаптарын сақтамауы;

7.Өзара   қарым-қатынастар.(қызметтік байланыстар)

 7.1. Мектеп директоры бекіткен мөлшерленген жұмыс күні тәртібімен график бойынша жұмыс істейді;

 7.2.Директордың ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарларымен, педагог-ұйымдастырушымен, медициналық қызметкерлермен, мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылардың өзін-өзі басқару және балалар қозғалысы ұйымдармен өзара байланыс жасайды;

 7.3.Басшылықпен, мұғалімдермен ақпарат алмасады;

 7.4. Мектеп директорына кезең бойынша өз қызметі туралы есеп береді .



Мектеп директоры:                С.Имиршаева


Таныстым                                З.Есейова

01.09.2021ж



Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив