Адал ұрапқ- жарқын болашақтың кепілі » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Адал ұрапқ- жарқын болашақтың кепілі
04
февраль
2022

Адал ұрапқ- жарқын болашақтың кепілі

Адал ұрапқ- жарқын болашақтың кепілі

Адал ұрпақты тәрбиелеу- қай уақытта болсын өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш қол үзбей, өз елін сүюге, адалдық, бауырмалдық,, адамгершілік  сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – барлығымыздың алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық- еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс- әрәкеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. Бүгінкі таңда білім беру мекемелері осы қағиданы ескеріп, оқушылар бойында әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР білім және ғылым министрлігінің жергілікті әкімдіктердің қолдаумен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік»  қағидатын қалыптастыру аясында біздің мектебімізде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы  құрылып өз жұмысын бүгінгі күнге дейін жалғастырып келуде. 

Еріктілер клубының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Клуб жанында  оқушылар  жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістер ,дөңгелек үстел және де  басқа да ағарту іс-шараларын ұйымдастыруға қатысса, ақпарат пен шығармашылық секциясында  бейнероликтер мен сурет байқауын өткізуге ұйытқы болмақ. Ал мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы флеш-мобтар дайындап, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесулер өткізу арқылы  оқушыларда сыбайлыс-жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының  адамгершілік-этикалық құндылық негіздері қалыптастырып отырады.

Мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады. Атап айтсақ,сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталып келеді. «Адал Ұрпақ» ерікті клуб мүшелерінің  өткізген «Біз жемқорлыққа қарсымыз !» атты акциясы өте тартымды,сапалы,мағыналы өтіліп   акцияның мақсатына жетті. Сондай ақ  «Жемқорлық  індет, жою міндет» тақырыбында клуб мүшелері арасында  өткізілген   дөңгелек үстел  оқушыларды өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға  және рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеуге түрткі   болмақ. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулатын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады деген пікірге келді.Мектепте  өткізілген  іс- шараға лектор ретінде ауыл әкімі, халық арасында абырой, құрметке ие белсенді азаматтармыздың қатысуымен  «Ел ертеңі- Адал Ұрпақ» тақырыбындағы сынып сағаттары, «Біз жемқорлыққа қарсы!» сахналық көріністер, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет байқауы, «Жемқорлықсыз болашақ» атты флеш-мобтар, «Жемқорлыққа жол жоқ!»  қабырға газеттер , тоқсан сайын өткізіілетін «Адалдық сағаттары»  балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелеуде өте жоғары рөл атқарады. 

Осы клуб жұмысы Тәуелсіз еліміздің адал да саналы азаматтарының санын арттыруға ықпалын тигізетін ауқымды іс-шаралар атқаратындығына сенімдіміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ- жарқын болашақтың кепілі. 



«А. Розыбакиев атындағы орта мектебі»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

педагог- ұйымдастырушы : Д.Ивизова





Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив