Ашық есік күнінің тақырыбы: « Мектептегі тиімді жобалардың білім сапасына әсері». » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық есік күнінің тақырыбы: « Мектептегі тиімді жобалардың білім сапасына әсері».
20
декабрь
2022

Ашық есік күнінің тақырыбы: « Мектептегі тиімді жобалардың білім сапасына әсері».

                                             Хаттама №1

      «Алматы  облысы   білім  басқармасының  Ұйғыр   ауданы  бойынша  білім   бөлімі»,   мемлекеттік  мекемесінің   «А.Розыбакиев  атындағы  орта   мектебі» коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінде  20.12.2022 жылы   ашық есік күні  болып   өтті.


Қатысқаны : 116


                                            Күн  тәртібінде:

  1. «А.Розыбакиев  атындағы   орта  мектебі» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесінде  20.12.2022 жылы  өтілген   ашық есік күнінің  өтілу барысы жайлы.



                                          Тыңдалды:

           Күн  тәртібіндегі   мәселе   бойынша  «А.Розыбакиев   атындағы  орта  мектебі» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесінде  20.12.2022 жылы  өтілген   ашық есік күнінің  өтілу барысына  талдау  жасалынды.

Ашық есік күні   келген  қонақтарды  тіркеп, бағдарламамен  таныстырудан   басталды.  Бағдарламаға  сай барлық іс-шаралар  рет-ретімен   өткізілді.

Алты  тәжірибе  алаңы   ұйымдастырылды.

           Ашық  есік күнінің  тақырыбы: « Мектептегі тиімді  жобалардың  білім сапасына әсері».

          Мақсаты: Мектептегі «Кітапқа қарап, ойыңды түзе!», «Тим-тичинг –бірлескен жұмыс» және пәндер бойынша мектепішілік жобалар арқылы   бүгінгі заманның  талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және  шығармашылық ізденісін жетілдіру,   кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибе алмасу,  іс-тәжірибемен бөлісу және тарату.

          Атқарылған іс-шаралар:

Ашық есік күні келген қонақтармен Кадырова Г.Т,  Муратов Р.Р, Талипов Д.Б  тренингтер мен  нейрожаттығулар  ұйымдастырды. Ағылшын  тілі   пәнінің  мұғалімдері  Бакиева-Халикова Н.Рмен  Абдуманапова А.М. ұйымдастыруымен  сахналық   қойылым «Fairy tale : Agly ducr » \ «Гадкий утенок»\ көрсетілді.  

       Аудандық  білім бөлімінің бас маманы  Г. Дауранбекова  кіріспе сөз   сөйлеп , ашық есік күнін ашық деп жариялады. Мектеп директоры  С.Имиршаева кіріспе сөз сөйлеп  мектептің   жоспарымен  таныстырса, директордың  әдістемелік  ісі   жөніндегі  орынбасары  А.Азиева   мектептегі пәндік жобаларға, әдістемелік   жұмысқа  шолу   жасады. 

  Музыка  пәнінің мұғалімдері  И. Рақышева және  Н Ашимахуновтың  жетекшілігімен  «Көңілді   үзіліс »  ұйымдастырылып, 8-11 сынып оқушылары  «Өз  елім»   әнін   нақышына келтіре орындап, көпшіліктің  көңілінен  шықты.   Бастауыш  сынып  мұғалімдері   қызықты   жаттығуларымен   қатысушыларды  бір   серпілтіп  тастады. 

          В.Тохтабакиев  пен  Б Мухтаровтың жетекшілігімен   «Жас сарбаздар»  сыныбы өз өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің  жас маманы, музыка пәнінің мұғалімі   Н.Ашимахунов   «Қара   жорға » флешмобын  көрермендерге тарту етті.  

         PISA, PIRLS  халықаралық  зерттеулері  бойынша Б.Узбекова таныстырылым ,   А.Кулджасбаева  4-сынып оқушыларымен  PIRLS тапсырмаларын орындау жолдарын көрсетті. З.Палтаева  мен  Э. Жекебаева  «Аман   сұлтан»  платформасында 15 жастағы  оқушылармен  жұмыс   жасау  тәжірибелерімен  бөлісті.

          Мектеп директоры  С.Имиршаева «Проблеманы анықтау және зерттеу сұрағын құру – іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді өткізудің кепілі» тақырыбында   мектеп   директорларымен  коучинг;    А. Велахунова  мен  Р. Улдаханова тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарларымен  «Толық адам» тұлғасын тәрбиелеудің ұлттық моделі « Абайдың толық адам туралы ілімі» тақырыбында  коучинг   ұйымдастырды.

        География   пәнінің мұғалімі  А.Джамиева  10-сынып оқушыларымен  Жюль Верннің   «Он  бес жасар капитан» романының  желісі бойынша ашық сабақ өтті. Информатика пәнінің  мұғалімі  А.Мансуржанованың жетекшілігіменоқушылар робототехникадан түрлі  жұмыс атқаратын  роботтарды  құрастыру   туралы практикалық  жұмысын  көрсетті.

        Математика пәнінің мұғалімі  Г.Мухпулова «Логика  әлемі»тақырыбындағы  мектепішілік   жобасымен  таныстырып, оқушылар  берген   тапсырмаларды қатысушылар   орындады . 

       Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі А.Велахунова  мен ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Б.Ганиева  А.С.Экзюпери «Маленький принц» романы  бойынша   9 «Ә»-  сынып  оқушыларымен   кіріктірілген  сабақ өтті.

В.Сулайманова  9 «а»-сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында  ашық тәрбие   сағатын өтті.

        Бастауыш сынып мұғалімі  А.Құлжасбаеваның жетекшілігімен  жаратылыстану  пәнінен «Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті» тақырыбында  облыстық байқауында  3 орын алған 4 сынып оқушылары Нурлан Мерей мен Турганова Алинура,  география  пәнінің   мұғалімі  А.Джамиеваның жетекшілігімен   «Топырақты құнарлатуда Калифорния құртынан алынатын биогумустың маңызы» тақырыбында  6-сынып   оқушысы, облыстық  байқаудың  2-орын   иегері  Алмас  Шахнур  ғылыми   жобасымен  таныстырды.

          «Тим-тичинг – бірлескен жұмыс» мектепішілік жоба аясында бастауыш сынып мұғалімдері  педагог-сарапшы  И.Рақышева   мен   жас маман Қ.Абдикерим  2 «а»-сыныбында  «Су туралы   не білеміз ?»  тақырыбында, ағылшын  тілінің   мұғалімдері  М.Таутай мен С.Карлинова  8 «а»-сынып оқушыларымен   «Newspapers» тақырыбында , педагог-модератор  А.Розиева  мен  педагог –сарапшы  Х.Мухтарова  2 «ә»- сыныбында  «Көрікті   қала»  тақырыбында,  педагог –сарапшылар Р.Марипова  мен  Н.Баситова  «Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.  №4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы»  тақырыптарында  ашық   сабақ өтті.  А.Азиеваның  жетекшілігімен   тим-тичинг   жобасы  бойынша  сабақ   жоспарларының  үлгілерінен көрме ұйымдастырылды. 

        6 «а»- сыныбында  Г.Мухаметова  "Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті" тақырыбында лессон стади   жұмысын  көрсетті.

         «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында  ағылшын   тілінің  мұғалімдері  М.Таутай мен С.Карлинованың  жетекшілігімен  А.Байтурсыновтың  туындылырын   оқыған  5- 8 сынып  оқушылары    жасаған  суреттерін ,құм  және   ермексаздан  жасаған  комикстерін   ағылшын   тілінде таныстырды.

«Зерттеуші» шығармашылық топ жұмысының  жетекшісі   А.Кадырова  лессон  стади, іс-әрекетті  зерттеу   және  жетекші  мектеп /   серіктес  Қалжат орта  мектебі /    бағыттары  бойынша  атқарылған   жұмыстарды  көрмеде  таныстырды.

Педагог-ұйымдастырушы   Д.Ивизова  10-сынып  оқушыларымен   «Өзін- өзі басқару - жеке тұлғаның табысты дамуының жолы» тақырыбындағы  мектеп парламентінің  жұмысын   таныстырды.  Қ.Абдикерим  9-10 сынып   оқушыларымен  «Электронды кітап қағаз кітаптың орнын баса алама?» тақырыбында   дебат өтті.  С.Асанова   "Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет" тақырыбындағы  жобасын таныстырды.

      Дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі  А.Имиров   спорт  жетістіктері  бойынша   волейбол, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ , шахмат   ойындары   бойынша  көрсетілім көрсетті.

     Бастауыш сынып мұғалімі мен орыс тілі менәдебиеті  пәнінің мұғалімі  Х.Мухтарованың  жетекшілігімен  «Сказка за сказкой»  сахналық   қойылымы  көрсетілді. Сахналық қойылымға  қатысқан  мектеп   оқушылары  өз рөлдерін  тамаша   орындап,  көрермендердің ықыласына бөленді.

Алты тәжірибе   алаңында  өтілген  іс-шараларға   кері байланыс  мәжіліс  залында   А.Азиеваның  ұйымдастыруымен   « 3Қ» QR код

qrcode_jamboard.google.com  сайтында жүзеге  асырылды.



                                   Ұсыныс:


  1.  Ашық   есік күні өтілген  іс-шаралар  мектеп    аясында  жалғастырылып,  нәтижесі   шығарылсын.
  2. Тәжірибе  алмасу   мақсатында көрсетілген    іс-шаралар басқа  мектептерде  қолдануға   ұсынылсын.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив