561 бұйрық \ аттестация\ » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2022

561 бұйрық \ аттестация\

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25208 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №13317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес", БҰЙЫРАМЫН:";

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.";

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20618 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов

"КЕЛІСІЛДІ"
 Қазақстан Республикасының
 Еңбек және халықты
 әлеуметтік қорғау министрлігі


"КЕЛІСІЛДІ"
 Қазақстан Республикасы
 Цифрлық даму, инновациялар және
 аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 Бұйрыққа қосымша
 Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен
 бекітілген

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өтетін және біліктілік санатын алуға (растауға) үміткер адам;

      2) аттестаттау – осы Қағидаларға сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары беріледі (расталады);

      3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізуге уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);

      4) аттестаттау кезеңі – күнтізбелік жылдағы (қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан) уақыт аралығы, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес аттестатталушы адам Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруға өтініш береді, біліктілік бағалауынан өтеді, аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беру (растау) туралы өтініш береді;

      5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің сұранысы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерін қайта қарау рәсімі;

      6) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия, ол педагогтер ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      7) біліктілік санаты – "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 338 бұйрық) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;

      8) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – аттестатталушы жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейіне сәйкестігін бағалау рәсімі;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      11) педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;

      12) ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – Біліктілік тестілеуі) – осы Қағидаларға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.

      3. Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей, білім беру ұйымдарының басшылары – "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 130-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.

      4. Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:

      "педагог" – білім беру ұйымдарында;

      "педагог-модератор", "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-менеджер", "педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;

      "педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші", "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-көшбасшы", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" – әдіскерлер үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;

      "педагог-шебер" – білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.

      5. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.

      6. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.

      7. Комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.

      8. Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.

      9. Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттауды тиісті саладағы уәкілетті органның Комиссиясы жүзеге асырады.

      10. Конкурстық комиссияның хатшысы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және оған қол қояды.

      11. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      12. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      13. Комиссия отырыстарында аудио- немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау рәсімін өткізген мемлекеттік органда кемінде үш жыл сақталады.

      14. Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін) қарайды.

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      15. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      педагогтер үшін:

      1) Біліктілік тестілеуі;

      2) эссе;

      3) біліктілік бағалауы;

      4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, басшының орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

      1) біліктілік бағалауы;

      2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда);

      білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:

      1) Біліктілік тестілеуі;

      2) біліктілік бағалауы;

      3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      4) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда).

1-параграф. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі

      16. Аттестаттаудың бiрiншi кезеңiнде Біліктілік тестілеуі өткiзiледi. Біліктілік тестілеуін тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі – ҰТО) немесе ол белгілеген ұйымға өтініш береді. Біліктілік тестілеуінен өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (мемлекеттік, орыс), күнін, уақытын таңдайды.

      17. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым Біліктілік тестілеуінің операторы болып табылады. Біліктілік тестілеуі электрондық форматта өткізіледі.

      18. Педагогтің тестілеу тапсыру үшін берген өтініші ҰТО-ның немесе ол белгілеген ұйымның деректер базасына түседі. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым педагогтің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама жібереді.

      19. Біліктілік тестілеуі білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагогтің өтінішіне сәйкес өткізіледі.

      20. Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген тәжірибесі жоқ кандидаттар Біліктілік тестілеуінен сәтті өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Аталған тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін "педагог" біліктілік санатын білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы Біліктілік тестілеуі нәтижесі негізінде береді.

      Тестілеуден кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибесі жоқ кандидаттарына "педагог" біліктілік санаты беріледі.

      21. Біліктілік тестілеуі:

      педагогтер:

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;

      сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;

      педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар:

      күнтізбелік жыл ішінде 1 рет – ақысыз;

      білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылда 1 (бір) рет – ақысыз;

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;

      сынақ (қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде.

      22. Біліктілік тестілеуі келесі тест тапсырмаларынан тұрады:

      1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Мектепке дейінгі педагогика және психология" – отыз тапсырма;

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      2) Бастауыш білім беру педагогтері пәндер бойынша тест тапсырады:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Оқу пәнінің мазмұны" (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика) – жетпіс тапсырма;

      3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;

      4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Психология негіздері" – отыз тапсырма;

      5) Интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Психология негіздері" – отыз тапсырма;

      6) Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Психология негіздері" – отыз тапсырма;

      7) Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Арнайы педагогика және оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Оқу пәнінің мазмұны" – отыз тапсырма;

      8) Білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа):

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;

      9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтер:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;

      Жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша педагогтер:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Қызмет бағыты бойынша" – жетпіс тапсырма;

      Өндірістік оқыту шеберлері:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      Өзге лауазымдағы педагогтер:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

      "Психология негіздері" – отыз тапсырма;

      10) Таңдау бойынша дене шынықтыру педагогтері үшін:

      1) "Оқу пәнінің ма

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив