Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен
02
июнь
2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен



 ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



 Кіріспе....................................................................................... 3
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері............................................. 6
 Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету.................................... 6
 Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері............................................
 7
 Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері................. 8
 Тәрбие жұмысының басым бағыттары............................................. 10
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру
 шарттары............................................................................................ 16
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда күтілетін нәтижелер........................................................................................... 18
 Глоссарий........................................................................................... 19



 Кіріспе
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтікмәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анықтайды.
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.
 Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.
 Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық- мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру - адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.
 Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.
 Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық - қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.
 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген:



 Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.
 Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі - 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.
 Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, өзара ақпараттық және мәдени алмасудың белсенді қатысушысы болды. Қазіргі қазақстандық балаларда, жастар ортасында сапалы білім алу уәжінің өсуі, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, 
коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-
 қатынастың артуы, әлеуметтік белсенділігін жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр.
 Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.
 Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы - С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады. Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасына (бұдан әрі - АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде аналог жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік- рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға



 бағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді, және Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.
 Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие, үштілді білім беру, ақпараттық технологияларды пайдалану процесі артып отырғаны байқалады. Республикадағы балалар мен оқушы жастарға қосымша білім беру жүйесі, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен бірге, балалар мен жастардың бойында ұлттық тәрбие қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.
 Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-позитивті бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.
 Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:
 - балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет- сайттарға бағдарлануы;
 - қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;
 - еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;
 - отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;
 - әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, діни секталарға қатысу және т.б.
 ЮНИСЕФ және ДДҰ 2012 және 2013 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан суицид себебінен болған өлім-жітім көрсеткіші жағынан жасөспірімдер арасында екінші орында, ал қыздар арасында бірінші орында. Қазақстан 10-14 жасар жасөспірімдер мен қыздар арасындағы өлім коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр.
 Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес.
 Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тек тәрбие жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани- адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қалайды.



 Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгілері тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі үлттық қүндылықтарға тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына жауап беретін Тәрбиенің түжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті алғышарттары қалыптасты.
 1 әроиенің тұжырымдамалық негіздерінщ мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері



 Мақсаты: Білім мазмүнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.
 Міндеттері:
 - білім беру үйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттардың күшін біріктіру;
 - қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;
 - білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
 Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртүтас педагогикалық процесі.
 Іске асыру механизмдері: Тәрбиенің түжырымдамалық негіздері Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру үйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болады.
 Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету



 Тәрбиенің түжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық қүжаттары қүрайды:
 - Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
 - «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014. 17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
 - «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
 - «Қазақстан Республикасындағы баланың қүқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
 - «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңы;



 - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
 - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;
 - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»;
 - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
 - Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген;
 - Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген;
 - «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;
 - «Қазақстан - 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған;
 - Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;
 - «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы.
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.



 Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
 Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
 Міндеттері:



 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
 2. Тұлғаның рухани-адамгершілік 
және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
 3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
 4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
 5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
 6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
 7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
 8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.



 Тәрбие процесін ұйымдастырудың
 әдіснамалық негіздері
 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге сүйенеді:
 Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас - адамзаттың түсінігімен және рухани-адамгершілік мазмұнымен анықталатын адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қатынасы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену.
 Антропологиялық көзқарас - тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және іске асыруда жүйелі қолдану.



 Тұлгалың-багдарлы көзқарас - өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту.
 Қызметтік көзқарас - педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс- әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі позициясына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
 Құзыреттілік көзқарас - тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыру мен олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру.
 Әлеуметтік көзқарас - тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік шынайылықтың ықпалын ескеру, осы ықпалдың адам және қоғамға тигізер педагогикалық салдарлары.
 Жүйелілікті көзқарас - нысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына қосылмайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстар талдауын қажет етеді.
 Тұтастық көзқарас - білім алушы тұлғасының зияткерлік және рухани- адамгершілік дамуының бірлігін анықтайтын педагогикалық процестің мәнін көрсетеді.
 Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
 Тұжырымдамалық негіздер тәрбие процесінің келесі принциптерін іске асыруды жорамалдайды:
 Гуманистік бағыт принципі - педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.
 Жалпыадамзаттық кұндылықтар принципі тәрбие рухани-
 адамгершілік дәстүрлер мен ұлттық және әлемдік мәдениет нормаларына негізделуі қажет деп санайды.
 Мәденисәйкестілік принципі - тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттер нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
 Үздіксіздік принципі - тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, оның күші мен қабілетін, кәсіби және жалпымәдени



 өсуін барынша толық жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін байыту.
 Табигисдйкестілік принципі - табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру.
 Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі когнитивті құрамдасты қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлықтық
 компонент дамиды.
 Этникалық принцип - тәрбиені ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толтыру, барлық азаматтар үшін ана тілінде білім алуына және қарым-қатынас жасауына, салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуіне жағдай жасау.
 Тәрбие жұмысының басым бағыттары
 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
 1 .Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
 2. Рухани-адамгершілік тәрбие
 3. Ұлттық тәрбие
 4. Отбасы тәрбиесі
 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
 7. 
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
 8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
 Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
 Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
 Бірінші бағыт - Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
 Мақсаты:
 Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
 Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
 Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;



 ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
 елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
 басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына; өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
 құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына; заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
 әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.
 Іске асыру механизмдері
 Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз - қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
 Екінші бағыт - Рухани-адамгершілік тәрбие Мақсаты:
 Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани- адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
 Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
 мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;
 өзінің қасиетіне, арына және парызына;
 ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;
 өзінің және өзге де 
халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына;



 діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне;
 өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру.
 Іске асыру механизмдері
 Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
 Үшінші бағыт - Ұлттық тәрбие Мақсаты:
 Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
 Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына;
 қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне;
 этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
 Іске асыру механизмдері
 Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс- әрекеттерге жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру
 Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
 Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі Мақсаты:
 Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.



 Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этноәлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға;
 адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.
 Іске асыру механизмдері
 Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс- тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.
 Бесінші бағыт - Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие Мақсаты:
 Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
 Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
 мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
 экологиялық сауаттылыққа, 
табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
 табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
 кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
 нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
 экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; мамандық таңдауына;
 үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.
 Іске асыру механизмдері
 Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы



 көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.
 Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.
 Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі Мақсаты:
 Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
 Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): өмір бойы білім алуына;
 өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;
 зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне;
 пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке;
 топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпарат көздерін сыни іріктеуге;
 Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;
 Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;
 ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.
 Іске асыру механизмдері
 С

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив