«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
02
октябрь
2021

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ                                                                                  


«Адам және қоғам» білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» және «Өзін-өзі тану» оқу пәндерінде іске асырылады.

«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда

«Адам      –     Қоғам»      жүйесі      шеңберінде        қоғамдық-гуманитарлық           ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталады.


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері

Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:

  • білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;
  • білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

2021/2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. ҚР БҒМ 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
  2. ҚР БҒМ 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
  3. ҚР БҒМ 2020 жылғы «27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

  • тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер контексінде қарастыруға мүмкіндік береді;
  • тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
  • білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.

 

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады:

Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:

  1. өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);
  2. себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
  3. дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным- сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
  4. ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);
  5. маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);
  6. интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.

Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде білім алушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).

Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді


 

жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.


2021-2022 оқу жылында 5-9-сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында 9-сыныпта (Қазіргі заман тарихы: XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін) мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі.

2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады:

  • 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр);
  • 6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
  • 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);
  • 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
  • 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).
 
 





«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері

Қазақстан тарихы бойынша білім мазмұны білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (58-кесте).


58-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі


Сынып


Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

(жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары

(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Қазақстан тарихы

2

68

2

68

6

Қазақстан тарихы

2

68

2

68


 

7

Қазақстан тарихы

2

68

1

34

8

Қазақстан тарихы

2

68

1

34

9

Қазақстан тарихы

2

68

1

34


5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салаларының негізгі даму кезеңдері оқытылады.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

  • білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап, қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;
  • туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;
  • туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
  • туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.

  1. сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін

 

сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.

Мұражай базасында өткізілген сабақтар білім алушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.

  1. сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.

Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы түрлі ұлттардың тарихымен, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білім алушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.

  1. сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 59-кестеде берілген.


  1. кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

2

2

3

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Сынып

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері

«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті


 

қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:

  1. 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
  2. 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
  3. 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
  4. 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
  5. 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Похожие публикации: