Илья Бахтияның 90 жылдық мерейтойына арналған «Шаир ижадийити әл қәлбидә» » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Илья Бахтияның 90 жылдық мерейтойына арналған «Шаир ижадийити әл қәлбидә»
21
апрель
2022

Илья Бахтияның 90 жылдық мерейтойына арналған «Шаир ижадийити әл қәлбидә»

"Рухани жаңғыру " бағдарламасының "Туған жер" бағытының "Отаным- тағдырым" жобасын іске асыру мақсатында А.Розыбакиев атындағы орта мектебінде  Илья Бахтияның 90 жылдық мерейтойына арналған  «Шаир ижадийити әл қәлбидә» әдеби кеш   өтілді.   

Бұл   іс-шараның  мақсаты: Илья Бахтияның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
     Нағыз дарын, тума талант ғасырда бір-ақ рет келеді.  Сол сияқты, Илья Бахтияда  ғасырда бір- ақ рет туылған біртуар ақын. Ұйғыр халқының маңда-йына біткен жарық жұлдызы, дара тұлғасы, дарынды ақыны. 

Илия Бахтия – ұйғыр поэзиясына атаулы олжа салған атақты ақын, жыр алыбы. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын халқына, оның әдебиетіне адал қызмет етуге жұмсады. 

Илья Бахтияның шығармашылығында ұйғыр әдебиеті мен туысқан халықтар әдебиетіндегі ортақтық, ұқсастық қасиеттерді байқау қиын емес. Ол қазақ поэзиясын бес саусағындай біліп, айрықша қастерлеген еді. Ол шығыс классиктерінің бірі, қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін жаттап өсті. Абай дәстүрі мен үлгілерін поэзия саласында көп қолданды. Илья Бахтияның өмірбаянын оқыту кезеңінде қазақтың дара тұлғалы ақыны Муқағали Мақатаевпен де таныстырып өтудің маңызы зор. Себебі Муқағали Ильямен жолдас болған. Мәскеудегі жоғары әдеби курста да бірге оқыды.талант иелерінің балалық шақтарыда бірге болғандықтан, тағдырлары ғана емес, шығармашылығы да  ұқсайды. 

Оқушылар ақындың тақпақтарын айтты, сахналық көріністер қойылды. 


 

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив