"Дін тану" 9аә сынып » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2022

"Дін тану" 9аә сынып

Бекітемін                                                                    Келесемін                                                                                  ӘБ отырысында қаралды                                      

Мектеп директоры:                                                    Оқу ісі жөніндегі меңгерушісі:                                                ӘБ жетекшісі

.........................С.Имиршаева                                      ...........................Б.Узбекова                                                        .........................А.Джамиева





                     « А. Розыбакиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Зайырлылық және дінтану негіздері» 

                                       9 а,ә сыныптары












                                                                                                                                                                                                    Пән мұғалімі: Джамиева А



                                                       2021-2022 оқу жылы


Жалпы білім беретін мектептердің  9-сыныбына арналған 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің 

оқу бағдарламасы



1. Түсінік хат


Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қазақстандық көпұлысты, көпмәдениетті қоғамдағы рухани – адамгершілік құндылықтардың жаңаша жүйесін құруға бағытталған.

       Дін кең мағынада алғанда адамзаттың көп ғасырлық тәжірибесінен көрінетін мәдениеттің, оның ішінде рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады


     «Дінтану негіздері» факультативтік курсының мақсаты – оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құндылықтардың негізінде сенімнің жүйесін және гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ету.


Міндеттері:


  1. білім алушылардың діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы білімін жүйелендіру және тереңдету;
  2. діннің танымдық - дүниетанымдық  және гуманистік аспектілерін ашу;
  3. толеранттылыққа және діни білімнің қазіргі заманғы қайнар көздерін сыни тұрғыда бағалай білуге тәрбиелеу
  4. Қазақстандағы   және әлемдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімдерді нығайтуға деген азаматтық міндеттерді орындауға тәрбиелеуге ықпал ету.

Бағдарламада материалды зерделеуге сабақтастық, тарих, қоғамтану негіздері, әдебиет, өнер пәндерімен пән аралық байланыс көзделген.

Дінтану негіздерінің тәрбиелік мүмкіндігін күшейтуге ұйымдастырылған формаларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады


Дәстүрлі сабақтармен  қоса басқа: мәдени пікір алмасу, баспасөз конференциясы, пікір-сайыс сабақ, зерттеу сабақ, театрландырылған сабақ және т.б стандартты емес сабақтарды өткізу ұсынылған


     Бағдарламаны іске асыру негізінде дидактикалық принциптерді сақтауды, пәнаралық және пәндік байланыстардың сақталуын, тарихпен, қоғамтанумен , құқықтанумен, өнермен, географиямен кіріктірілуін талап етеді.


Пайдаланылған  әдебиеттер


  1. Зайырлылық және дінтану негіздері (Ғарифолла ЕСІМ, Есбосын     

                        СМАҒҰлов)
















                                                              Түсінік хат


"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және

конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын.

Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз.

Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы


Қазақстан – демократиялық, құқықтық және зайырлы ел. Міне, ҚР-сы демократиялық ел болғандықтан, діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отыр. Сондықтан Қазақстанның әр азаматы өзі қалаған дінді таңдай алады. Біздің Республикамызда, негізінен, екі дін дәстүрлі сипатқа ие. Ол қазақтардың және басқа да түркі халықтары ата-бабасынан бері ұстанып келе жатқан ислам діні мен славян халықтарының христиан діні.

Дін – жалпыадамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі. Ол қоршаған ортаны, төрткүл дүниені танып-білудің, оны рухани меңгерудің пәрменді құралы. Дін – діни сана, діни сенім-наным, діни ұйымдардан тұратын рухани әлеуметтік тұтас жүйе. Өйткені, күллі адам баласының даму тарихы, өсіп-өркендеуі, қалыптасып жетілуі дінмен етене байланысты. Сондықтан, діни наным бұрын да, бүгін де, бұдан былай да барлық адамгершілік игі мұраттарды, жалпы адамзаттың рухани құндылықтарын, гуманистік идеяларды көпшіліктің меңгеруінің, шын жүрегімен беріле қабылдауының ең белсенді тәсілі болып қызмет ете беретіні анық. Оған қоса қазіргі әлемдік жаһандану үрдісі, еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылу жолындағы іс-әрекеті, ең алдымен, рухани ой-сананы жетілдіруді, ұлттық құндылықтарымызды берік орнықтыруымызды талап етеді. Сондықтан, дін – біздің рухани байлығымыздың қайнар бастауы, елдік тұтастығымыздың тұғырлы іргетасы, дербес мемлекеттігіміздің берік негізі деп білуіміз керек. Мектеп – ғылыми-теориялық негіздегі тәрбиенің арналарын объективті түрде таныта алатын қоғамдық-мемлекеттік орын. Тәрбиелік таным отбасында ата-ананың тәрбие мәдениеті мен әлеуметтік жағдайына, өмірге деген көзқарасына қарап танылатын болса, қоғамдық ортада мектепке дейінгі мекемелерден бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін этикалық-эстетикалық таным, салауатты өмір салты, ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетінің таным көздері тағылымтану мен тұлғалық таным аясында меңгертіледі.

Бұл  құрастырылып отырған «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен 9 – сыныпқа арналған тараулық тесттер тапсырмасы оқушылардың бұрынғы және қазіргі діндердің тарихын, олардың айырмашылықтарын, тарихи ұғымдарын, даму кезеңдерін және қазіргі кездегі жағдайларына сипаттама береді.Тапсырмалар жиынтығы оқушылардың қажетті білім деңгейін, білік пен дағдыларды игеруге мүмкіншілік береді. Мысалы, хронологиялық тапсырмалар – оқушылардың оқиғалар сабақтастығы мен уақыт шеңберін анықтау, уақыттың әртүрлі категорияларын ажырату қабілеттерін анықтайды. Пәнді оқытуда оқушының тарихи танымын, шығармашылық ойлауын дамытуға оң

ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.

Мақсаты:

- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, діндерді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің , жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі,теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;

Міндеттері:

- оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;

- зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныту;

Күтілетін нәтиже:

- ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

- зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

- мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;

- әлемдік және дәстүрлі діндер тарихынан

- зайырлылық,діни сана сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату

- заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана білу

Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әректетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік

алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және қатынас мәдениетін қалыптастырады.







Пайдаланылған   әдебиеттер


1.Зайырлылық және дінтану негіздері (Ғарифолла ЕСІМ, Есбосын Смағұлов)






















Сабақтың тақырыбы

Сағат

Мерзімі

1

«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мәні

1

6-10.09

2

Зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты

1

13-17.09

3

Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары

1

20-24.09

4

Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, жіктелуі мен түрлері

1

27-01.10

5

Діннің құрылымы және функциялары. Дін-рухани мәдениет құбылысы

1

4-8.10

6

Дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Негізгі діни ұғымдар

1

11-15.10

7

Көне наным-сенім нысандары және ұлттық діндер

1

18-22.10

8

Ежелгі Египет, Грекия, Римдегі діндер

1

25-29.10

9

Шығыс өркениетінің тарихы діндері: индуизм,конфуциандық, даосизм, синтоизм, иудаизм және тәңірлік

1

7-12.11

10

Иудаизм

1

14-19.11

11

Тәңірлік

1

21-26.11

12

Буддизм: діни ілімінің негіздері, тарихы, тәжірибесі

1

28-3.12

13

Христиан діні: діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі

1

5-10.12

14

Христиан дінінің негізгі бағыттары

1

12-17.12

15

Қазіргі замандағы христиан діні және оның таралу өңірлері

1

19-24.12

16

Ислам: діни ілімінің негіздері, тарихы, тәжірибесі

1

26-29.12

17

Мұхаммад Пайғамбар және Қасиетті кітап- Құран

1

9-14.01

18

Ислам дінінің негізгі бағыттары.

1

16-21.01

19

Мұсылман мейрамдары және салт-жоралар мен ұйғарымдары

1

23-28.01

20

Сопылық-танымдық мектебі

1

30-04.02

21

Ислам, ғылым және мәдениет

1

6-11.02

22

Қазақстандағы ислам діні, исламның Қазақстанда таралуы

1

13-18.02

23

Қожа Ахмет Яссауидің хикмет ілімі

1

20-25.02

24

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі

1

27-4.03

25

ХХ ғасырдағы және қазіргі Қазақстандағы ислам

1

6-11.03

26

Қазақстанда христиан дінінің таралуы

1

13-18.03

27

Қазақстандағы исламдық сәулет өнері.

1

3-8.04

28

Қазақ елінің мұсылман ойшыл-ғұламалары

1

10-15.04

29

ХІХ-ХХ ғасырлардағы дін ғұламалары

1

17-22.04

30

Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшеліктері

1

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив