"Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы туралы » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы туралы
31
март
2022

"Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы туралы

"Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  N 1260 Қаулысымен.

      Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру бөлігінде ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" Жолдауының ережелерін және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 22 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын және жарты жылдың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне оның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 22 қаулысымен.
       2-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасының iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 22 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің 1999 жылғы    
30 маусымдағы        
N 905 қаулысымен       
"бекітілген"        

            "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы 

                           1. Паспорт 
 Ескерту. 1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N  1446 , өзгерту енгізілді - 2003.12.30.  N 1357 , 2006.01.06.  N 22 қаулыларымен.

Атауы                 "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы
Әзiрлеудiң негiзi     Ел Президентiнiң Қазақстан халқына
                      "Қазақстан-2030" Жолдауын, Қазақстан
                      Республикасының денсаулық сақтау iсiн
                      реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға
                      арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
                      және салауатты өмiр салтын ынталандыру жолымен
                      ауруды болдырмау мақсатында

Негiзгi әзiрлеушiлер  Қазақстан Республикасының Денсаулы   сақтау министрлiгi

Мақсаты               Халықтың денсаулығын жақсарту

Мiндеттерi            Республика халқының салауатты өмiр салтын    қалыптастыру салауатты өмiр салтының артықшылығы туралы:    халықтың хабардар болуын арттыру; алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты нығайту; аурудың алдын алу жүйесiн нығайту;  созылмалы жұқпалы емес аурулардың,  жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте анықтау жөнiндегi шараларды
 әзiрлеу және жетiлдiру
   Қаржыландыру          Республикалық бюджет қаражаты есебiнен  көздері    2003 жыл - 31505,0 мың теңге 2004 жыл - 34800,0 мың теңге
 2005 жыл - 36000,0 мың теңге 2006 жыл - 88590,0 мың теңге 2007 жыл - 93130,0 мың теңге  2008 жыл - 95907,0 мың теңге
 Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен  2006 жыл - 168254,7 мың теңге 2007 жыл - 187682,0 мың теңге2008 жыл - 200646,1 мың теңге
      Iс-шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу және қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады
 Iске асыру мерзiмі   1999-2010 жылдар 1-кезең - 1999-2000 жылдар  2-кезең - 2001-2002 жылдар  3-кезең - 2003-2005 жылдар
 4-кезең - 2006-2008 жылдар 5-кезең - 2009-2010 жылдар 

                        2. Кіріспе

       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29.  N 1446 , 2006.01.06.  N 22 қаулыларымен.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аухатының артуы" Жолдауында жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы және әл-аухатының артуы" айқындалған. Өз Жолдауында еліміздің Президенті денсаулық сақтаудың анағұрлым өзекті проблемаларына және оны шешуге барлық қоғамның қатысуына: ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыруға; нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күреске; алкоголь мен темекіні пайдалануды қысқарту; әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту; тамақтануды жақсарту, қоршаған ортаның тазалығына және экологияға ерекше назар аударған. 
      "Қазақстан-2030" стратегиясына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру және ынталандыру мәселелерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы (бұдан былай ҚР мәтінде) Үкіметінің 3.12.97 ж. N 1678  қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі жанында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы (СӨСҚП ҰО) құрылды. Осы кезде біздің елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылған. 
      ҚР Президентінің 10.01.98 ж. N 18-И тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының қағидаларын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі "Салауатты өмір салты" Республикалық кешенді бағдарламасын жасады, ол республикада салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізі және іс-әрекет жоспары болып табылады. 
      Бағдарламасының негізгі компоненттері: сапалы және тиімді тамақтану; есірткімен, алкогольмен және темекімен күрес; қауіпсіз секс, ВИЧ/СПИД-тің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, жұқпалы аурулардың алдын алу; созылмалы жұқпалы емес аурулар, жарақаттар, жазатайым оқиғалар; дене тәрбиесі; денсаулық және қоршаған орта болып табылады. Бағдарламаның аталған компоненттерін жүзеге асырудағы басымдық бағыттар ретінде: ақпарат, білім, коммуникация; оқу бағдарламаларын жасау; қолданбалы жасалымдар; құқықтық орта; медициналық-санитарлық алғашқы көмек анықталған. 
      Основным исполнителем программы является Министерство здравоохранения Республики Казахстан с привлечением по согласованию других министерств и ведомств. 
       (РҚАО-ның ескертуі. Кіріспенің 6-абзацы мемлекеттік тілдегі  мәтінде аударылмай қалған.)
      Бағдарламаны орындауға республикалық және жергілікті бюджеттерде салауатты өмір салтын қалыптастыруға бөлінген қаражаттар, сондай-ақ халықаралық донор ұйымдардың инвестицияларын тартылу жоспарлануда. 
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N  1446   қаулысымен.

          1. Салауатты өмір салты: Халықаралық тәжірибе  және Қазақстанның стратегиясы <*>

       Ескерту. 1-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N  1446   қаулысымен.

       3.  Қазақстандағы проблеманың жай-күйiн талдау <*>

       Ескерту. Тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29.  N 1446 , өзгерту енгізілді - 2006.01.06.   N 22 қаулыларымен.

      Қоғамның әлеуметтік аман-саулығының деңгейін анықтайтын көрсеткіш болып табылатын халық денсаулығының күйі белгілі бір дәрежеде экономикалық, экологиялық және үлкен дәрежеде әлеуметтік факторларды айқындайды. Көп жылдар бойы қалыптасқан халықтың денсаулық күйінің көп өзгере қоймаған көрсеткіштері теріс үрдістерден арыла қойған жоқ. Халықтың өсуі мен бала туу қарқыны төмендеп келеді. Әйелдер мен балалар денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер төмен күйінде қалуда. Бұрынғысынша жалпы өлім-жітімнің көрсеткіші жоғары. Туберкулез, вирустық гепатит бойынша жағдай шиеленісуде, жыныс жолымен берілетін аурулар және СПИД бойынша жағдай бұрынғысынша алаңдатарлықтай. 
      1970-ші жылдардан бастап Қазақстан халқының өлім-жітім көрсеткіші біртіндеп өсе бастаған. 1980-ші жылдары жағдай бірыңғай тұрақтанған. Алдағы өмір сүрудің орташа ұзақтығының 1980 жылы 66,9 болған көрсеткіші 1990 жылы өзінің шыңына (68,7) жетті. Бірақ бұл сан әйелдерге қарағанда (73,4) ер кісілерде анағұрлым төмен (63,9) болды. 
      Алайда, бұл көрсеткіштер ДДҰ Европалық аймағындағы 50 елдің ішіндегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болатын. Соңғы (1990-1996) жылдары республика халқының алдағы орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші: ерлерде 59,7 жасты құрап 4,1 жылға және әйелдерде 70,4 жасты құрап 2,7 жылға күрт төмендеді. Жоғарыда айтылған мәліметтер Қазақстан халқының денсаулығы күйінің қолайлы жағдайда еместігінің куәсі. 
      ҚР облыстарындағы алдағы орташа өмір сүру көрсеткіші бір-бірінен өзгеше: алдағы орташа өмір сүру ұзақтығының ең төменгі көрсеткіші Қарағанды облысында (61,3) болса, ал ең жоғары көрсеткіші (66,6) Алматы облысында. 
      Бұл көрсеткіштің ер кісілерде 60 жастан асатыны екі облыста ғана (Алматы - 61,4, Оңтүстік Қазақстан - 61,2). 
      Қазақстан Республикасы алдағы орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Орталық Азиядағы 5 елдің ішінде Түркменстанның алдындағы соңғы орынды иеленеді. Бұл көрсеткіш Батыс Европа елдерінде Қазақстандағыдан 10-15 жылға артық. 
      Өлім-жітім мен алдағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштері жігіт жасындағы ер-азаматтардың бойындағы келеңсіздіктерді көрсетіп отыр. Мұндай жағдай экономикалық, әлеуметтік және адами тұрғыдан үлкен зиян шеккізеді. Сондықтан да салауатты өмір салтын дамытудың саяси стратегиясы қажет. 
      Стратегияны жасарда осы теріс құбылыстардың ғылыми түсіндірілуіне аяқ тіреу керек. 
      Созылмалы жұқпалы емес аурулар (бұдан әрi - СЖЕА) бүкiл әлемде өлiм-жiтiм мен мүгедектiктiң басты себебi болып табылады. Бүгiнгi таңда СЖЕА-дан өлiм-жiтiм деңгейi бойынша - Еуропа елдерiнде 100 мың халыққа шаққанда - орта есеппен 300 адам болса, Қазақстан 100 мың халыққа шаққанда 809 адамнан келiп, Орталық Азия, ТМД елдерiнiң, Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнiң арасында бiрiншi орын алып отыр.
      Барлық СЖЕА арасында аурулардың жалпы құрылымына қосатын үлесi бойынша анағұрлым елеулiлерi жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, диабет және жалпы өлiм-жiтiм құрылымының 50 процентiн құрайтын тыныс алу мүшелерiнiң тән емес созылмалы аурулары болып табылады.
      Қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын өлiм-жiтiм өлiм-жiтiмнiң барлық себептерi арасында алда тұр.
      Қатерлi iсiк диагнозы алғаш қойылған науқастар санының 20 процентi аурудың төртiншi сатысында-ақ есепке алынады. Сырттан орын алған қатерлi iсiктердi, мысалы, сүт безi рагын кеш диагностикалаудың жоғары процентi ерекше алаңдаушылық туғызып отыр (56,1 процентi). Осының салдарынан, диагнозды белгiлегеннен кейiнгi бiр жылдың iшiнде науқастардың 14,7 процентi қайтыс болады, өмiрдiң 5 жылға ұзаруы 50 проценттi құрайды. Мемлекет зор әлеуметтiк және экономикалық залалға ұшырайды. Қымбат тұратын емдеуге және мүгедектiк бойынша мемлекеттiк жәрдемақыларды төлеуге арналған қаражат бiр науқасқа 1,5 млн-нан астам теңгенi құрайды. 65 жасқа дейiнгi ер адамдар арасында рак салдарынан өлiм-жiтiм Орталық Азия өңiрiнiң басқа елдерiмен салыстырғанда Қазақстанда өте жоғары.
      Өлiм-жiтiм бойынша үшiншi орында жарақаттар мен уланулар тұр, алайда, еңбекке қабiлеттi жастағы (16 - 62,5 жас) ер адамдардың өлiм-жiтiмiнiң себептерi арасында жарақаттар 2-орын алады. Соңғы жылдар iшiнде жарақаттарға, улануларға және жазатайым оқиғаларға байланысты өлiм-жiтiмнiң өскенi байқалады.
      Жыл сайын 615 мыңнан астам жарақаттану мен улану оқиғалары тiркеледi.
      Ең жоғары көрсеткiштер 15-17 жастағы топ жасөспiрiмдерiнiң арасында байқалып отыр.
      Бронхиалдық демiкпемен, қант диабетiмен аурушаңдықтың жыл сайын үздiксiз өсуi Қазақстан үшiн өзектi проблема болып қалып отыр.
      Соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтары халықтың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендеп кетуіне, қоғамдық теңсіздіктерге және елдегі болып жатқан өзгерістерге психологиялық бейімделудің қиындықтарына әкеліп соқты. Мұның барлығы да халықтың денсаулығына өте кері әсерлерін тигізді.
      Өлім-жітімнің негізгі себепшілерін анағұрлым төмен жастағы топтарда кең ауқымда аластатуға болады. Бұл себепшілердің қатер туғызу факторлары да жақсы таныс және де әлемдік зерттеулерде дәлелденген. Олар темекі тарту, маскүнемдікке салыну, дұрыс тамақтанбау (майды көп пайдалану, көкөністер мен жемістерді аз тұтыну), қимылдың аздығы және психикалық-әлеуметтік проблемалар болып табылады. Бұл факторларға экономикалық, әлеуметтік және табиғи айналаны, қолайсыз экологиялық жағдайлар мен кедейлікті қосыңыз. 
       Дене шынықтыру
      Республикада 100 ересек адамның 8 ғана дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады, балалар мен жасөспірімдердің 5%-інде ғана мектептен тыс мекемелердегі спорт секцияларында шұғылдануға мүмкіндігі бар. 
      Жалпы алғанда қабылданған есептік үлгідегі нормативтердің спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу проценті аймақтағы халық санының: спорт залдары бойынша - 24,4%, жүзу бассейндері бойынша - 35,5%, жазықтық спорт ғимараттары бойынша - 19,9% шаңғы базалары бойынша - 37,9% құрайды. 
      Жалпы және кәсіби білім алушы оқушыларға арналған оқу сабақтарының көлемі ғылыми-негізделген нормативтерден 3-4 есе төмен. Арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылар мен студенттердің тек 47,3%-не ғана мамандандырылған топтарда сабақ алуына жағдай жасалған. 
      Балалардың жасөспірімдік спорт мектептерінің саны айтарлықтай төмендеп кеткен. Жаттықтырушы кадрлар 35%-ке, шұғылданатындардың саны 50%-тен артық қысқарған. 
      Ұйымдар мен мекемелерде, сондай-ақ халықтың тұратын және демалатын орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және алдын алу жұмыстары жүйесі жоқ. 
      Диспансерлік және консультациялық қызметтер жүйесі, емдеу-алдын алу кабинеттері жоқ болды. 
      Дене тәрбиесі, көпшілік спорты мен дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған қосымша қаражаттарды тарту үшін материалдық ынталандыру және салық жеңілдіктері жүйесін қаржыландыру жеткілікті емес. 
       Тамақтану
        Антропометрия мәліметтеріне сүйене отырып, 15 жастан жоғары халықтың 47% (30% ерлер және 53,0% әйелдер) тойып тамақтанбайды. 
      Жалпы республика бойынша бала табатын әйелдер 46% темір жетіспейтін анемиямен ауырады, темірдің жетіспеушілігінің ауыр емес түрі 70% жағдайда, ал анемияның ауыр түрі 2,8% жағдайда кездеседі. Ерте жастағы балалардың ішінде 69,2%-нің анемиясы бар, олардың ішінде үштен бірінде айқындалған анемия, 5%-інде оның ауыр түрі кездеседі. 
      Топырақтағы, судағы және тамақ өнімдеріндегі йодтың жетіспеушілігі жөнінен республиканың 14 облысының 11-і эндемиялық болып табылады, оңтүстік және шығыс аймақтардағы жағдай анағұрлым өте күрделі. Қазақстанның оңтүстігін мекендеген халықтың ішінде гипотиреоз (қалқанша без қызметінің нашарлауы) 6-8%-інде кездессе, ал гипотиреозбен сырқаттанған әйелдерден туған балалардың ішінде ол 14 процент. Неонтальді гипотиреоздің жиілігі 7,3%-ті құрайды. Емізулі әйелдердің ішінде гипогалактия (емшек сүтінің азаюы) республика бойынша орташа есеппен 32% құрайды. Нәрестелердің 40%-тен астамы 4 айлығынан бастап жасанды немесе аралас тамақтанады. 
      Республикада мамандандырылған емдік-алдын алу тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жоқ. 
      Таңдап тексерулер халықтың тиімді тамақтану, тамақтанудың ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтау саласындағы білімділігі өте төмен екендігін көрсетіп отыр. 
       Темекі тарту
        Темекі шегетіндердің саны және олардың Қазақстан халқы қоғамындағы әртүрлі топтардың ішіндегі таралуы туралы тексерілген тура мәліметтер жоқ, тек жекелеген зерттеулер ғана бар. "Қазақстан-Синди" бағдарламасының мәліметтері бойынша Алматы облысының Іле ауданында ерлердің 61,5% және әйелдердің 9,2% темекі тартады. Барлық жастағы топтардың ішінде ең көп темекі тартатындары 20-49 жас аралығында ерлер. 
      Темекіге байланысты өлімнің болжанған санының Европа аймағының шығыс бөлігінде тіркелген жоғарғы көрсеткіштері ерлерде ДДҰ мәліметтері бойынша бірінші орында Қазақстан тұр. 
      Транснациональды темекі компаниялары экономикалық тұрақсыздық пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясаттың әлсіздігін пайдалана отырып жаңа клиенттерді өзіне тартуда. 
      Жастар мен әйелдер темекі өнеркәсібі үшін мақсат тұтқан топтар болып табылады. 
      Әлсіз темекі тарту (ауадағы темекінің исін жұту) кең етек алған, ол өкпе рагін, жүректің біржердегі қанның азаюы ауруын, тыныс ауруларын, сондай-ақ кенеттен болатын жастай өлімді туғызу қатерін күрт асырды, адамдардың салауатты және ластанбаған қоршаған ортаға деген құқықтарын бұзады. 
      Темекі жекелеген адамдарға, отбасыларына және қоғамға экономикалық зардабын тигізуін жалғастырып келеді. 
       Алкоголь 
      Алкогольді тұтынудың таралуы туралы тексерілген ұлттық мәліметтер жоқ. Соңғы уақыттарда республикада маскүнемдікке салынған адамдар санының өсіп келе жатқаны көрініп отыр. Маскүнемдік психоздардың саны үш есеп өскен, олардың ішінде ауыр түріндегілері басым. 1987 жылы ішімдік ішу нәтижесінде өмірінде бірінші рет мінез-құлқы мен психикасы бұзылған 37689 адам есепке алынған. Диспансерлік және алдын алу есептерінде 203672 ауру адам тұр. Соңғы жылда 4565 төсекте 5292 адам жатып емделіп, 1997 жылғы стационарлық емдеуден 31 мың адам өткен. 
       Есірткілер
        Нашақорлықтың тексерілген ұлттық мәліметтері жоқ. Соңғы жылдары республикада есірткіні пайдаланған адамдардың саны өсіп келе жатқаны белгілі боп отыр, ал есірткіге тәуелділердің орташа жасы төмендеуде. Проблема криминогендік жағдайға, СПИД пен гепатитті қоса алғандағы әртүрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру қатеріне байланысты одан әрі шиеленісе түсуде. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері бойынша 1996 жылы 20683 нашақорлықпен ауырғандар тіркелсе, 1997 жылы ол 26584 адамға жеткен. Өмірінде бірінші рет нашақорлық, токсикомания диагнозы қойылған аурулар саны жағынан республикамыз бірқатар ТМД елдерін (Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және т.б.) басып озуда. Нашақорлық патологиясымен тіркелген аурулардың саны Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жоғары. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы есірткіні пайдаланудың таралуы ерекше алаңдатады, олардың үлесі 2/3. Соңғы 5 жыл ішінде айқындалған нашақорлықпен байланысты қылмыстардың саны 2,5 еседен көп артып, 1997 жылғы 14817 жағдайға жеткен. 
      Нашақорлық тәуелділік түрлерінің ішкі құрылымы бүгінгі таңға әлі зерттелмеген. 

       Жыныстық жолмен берілетін аурулар 

      1997 жылы Қазақстан Республикасында жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырудың саны арта түскен. Мерезбен ауыру қарқыны жалпы алғанда елімізде әрбір 100000 адамға шаққанда 268,9 жеткен: оның азы Ақтөбе облысында - 134,6 және ең көбі Алматы қаласында - 465,5 адам. Ауыруға ұшыраудың келеңсіз жағдайлары байқалуда. Мерез ауруымен тіркелгендердің тек 1/4 ғана өз бетінше медициналық көмек сұраған. Қалған аурулардың барлығы белсенді түрде, негізінен халықтық серомониторингі арқылы анықталған. Жылдан жылға мерезбен ауырудың бастапқы кезеңдерін айқындау төмендеп келеді. Серологиялық тексеруден өткен стационарлық терапевтік және неврологиялық аурулардың ішінен 9320 адамда (2,3% жағдайда!) мерез анықталған, бұл ауруды жасырудың жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. 
      1996 жылдан бастап туа біткен мерездің жиілігі 2 есе көбейген, ол 1997 жылы жаңа туылған әрбір 10000 адамның 0,41-де тіркелген. 
      Қазақстанда 1997 жылы тіркелген соз аурулары, хламидиоз, трихомониаз, аногенитальды герпес аурулары әрбір 100000 адамға шаққанда тиісінше 91,1; 20,0; 148,6; 0,9. Бұл мерез бен несептік жыныс мүшелері жұқпалы ауруларының табиғи арақатынасынан айтарлықтай төмен көрсеткіштердің жоғарылығына қарамастан жыныстық жолмен берілетін аурулардың әлі де болса толық тіркелмегендігін көрсетеді. 
      Жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауру жағдайы эпидемия ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл эпидемияның қауіптілігі халықтың гендік қорына, өрбу, психикалық және тән денсаулығына қатер төндіруімен ғана емес, ВИЧ жұқтырудың күшеюі қаупімен де анықталады. Әлемде тіркелген ВИЧ жұқтырғандардың 51% жыныстық жолмен жұқтырған, мұндай 10 адамның 9 соның алдында жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырған. 
      СПИД-тің алдын алу және күресу жөніндегі Республикалық Орталықтың мәліметі бойынша 1998 жылдың 1 мамырында 667 ВИЧ жұқтырғандар айқындалған, олардың ішінде СПИД-пен ауырғандары - 18, 15 жасқа дейінгі балалар - 10. ВИЧ-тің негізгі берілетін жолы есірткіні қан тамырға жіберу - 83,3%, бұл әсіресе жұмыссыздарда басым. 
      Осы көрсеткіштердің өсу тенденциясы алаңдаушылық туғызуда. 

      Вирустік гепатиттер, жедел ішек аурулары және туберкулез 
      Республикада өсіп бара жатқан вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жөніндегі жағдай едәуір қиындап отыр. Жыл сайын 44 мыңнан 55 мыңға дейін вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жағдайлары тіркеледі, олардың 80%-і - балалар. Олармен күрес денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі ретінде қарастырылады. 1996 жылмен салыстырғанда вирустік гепатитпен ауыру 1997 жылы 30,1%-ке, жедел ішек ауруы - 18,7%-ке өскен. Ауырудың өсуі республиканың барлық облыстарында да орын алып отыр. 
      Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептері: 
      - халықтың ауыз сумен, соның ішінде су құбырлары желісімен және құрылымдарымен қанағаттанарлықтай қамтамасыз етілмеуі; елді мекендердің санитарлық жағдайының нашарлауы, санитарлық тазарту мен жақсарту жұмыстарының жеткіліксіздігі; 
      - мектептердің санитарлық-техникалық жағдайының нашарлауы және оқушылар санының артық болуы, ұйымдастырылған тамақтандырудың және ауыз су мен температуралық режимді сақтауға арналған жағдайдың жоқтығы болып табылады. 
      Қазақстан Республикасы туберкулез бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға ие мемлекеттердің біріне жатады. Туберкулез әлеуметтік проблема болып табылады. Республикада жыл сайын 13-14,5 мың туберкулезбен ауыратындар анықталды, 52,2 мың аурулар есепте тұр, олардың 14 мыңы бактерия бөлетіндер. 12,1 мың ауру еңбекпен түзету мекемелерінде жүр. Жыл сайын туберкулезден 6 мың ауру қаза табады. 

       Қоршаған орта
        Бұрынғы жоспарлау идеологиясындағы өрескел қателіктер, экологиялық жобалардың алысты болжай алмауы, өнеркәсіптің тау-кен өндіруді өңдеу секторы басым шаруашылық етудің ерекшеліктері, әскери техникалар мен қаруларды сынауға арналған полигондардың бар болуы, тың және тыңайған жерлерді игерудегі қателіктер ауыр экологиялық зардаптарға: ормандардың біртіндеп азаюына, топырақтың эрозиялануына, Арал теңізінің құрғауына, өзендердің және топырақтардың химиялық ластануына, қышқыл жаңбырларға және т.б. әкеп соқты. 
      Қазақстан Республикасының 630 мың шаршы метр алаңы экологиясы нашар жерлерге жатады. Әдеттегідей, экологиялық нашар аймақтар еліміздің адамдар тұратын жерлерінде орналасқан. 
      Республикада қоршаған ортаның қатер туғызу факторларының мониторингі мен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ, сондықтан да экологиялық апатты дұрыс түсіну үшін мәліметтер банкін жасау - әрі қарай дамуымыздың қажетті шарты. 

       Кедейлік
        Джакарта декларациясы бойынша кедейлік денсаулықтың басты жауы болып табылады. 1996 жылдың маусымында Қазақстан халқының 35%-тен астамы кедейлікте тұрмыс (өмір сүру минимумы көрсеткішінің негізінде). 
      Қазақстанда қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық еліміздің әртүрлі аймақтар арасындағы сияқты айтарлықтай үлкен емес. Еліміздің оңтүстік облыстарында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл) халықтың 2/3 кедейлікте өмір сүруде. 
      Отбасының өлшемі мен кедейлік деңгейі өзара тығыз байланысты. Өтпелі кезең көп баланы және асырап отырған адамды бағып-қағып отырған отбасыларына өте қиын соқты. Кедейлік едәуір жағдайда жұмыссыздықпен байланысып жатады. Өтпелі кезеңде өзіміздің азық-түлік өндірісіміз маңызды тамақтану көзі болды, 1996 жылдың маусымында оның үлесіне барлық тұтынған тамақ өнімдерінің 1/3 сәйкес келді. Өз азық-түлік өнімдерімізді шығарудың мүмкіншілігі аман қалу стратегиясының маңызды элементтері болып табылады. Қазақстанда отбасылар арасында едәуір көлемде жеке материалдық көмек көрсету дәстүрі бар, ол әлеуметтік қорғаудың биресми желісі қызметін атқарады.

       Ескерту. 3.1, 3.2, 3.3., 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8-тараулар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N  1446   қаулысымен.

        4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi:

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.29.  N 1446 , өзгерту енгізілді - 2006.01.06.  N 22 қаулыларымен.

       Осы Бағдарламаның басты мақсаты халық денсаулығын жақсарту болып табылады.
      Осы Бағдарламаны толық көлемде iске асыру үшiн мынадай мақсаттарға жету қажет:
      1) халық арасында ұтымды тамақтану жөнiндегi бiлiм мен дағдының стандарттарын енгiзу және оларды сапалы тамақтандыру бойынша көмек көрсету;
      2) халықтың кең тараған топтарының арасында қозғалыс белсенділiгiн кеңейту үшiн жағдай жасауға көмектесу;
      3) iшiмдіктi қолдануды шектеу жөнiндегi ұлттық саясатты әзiрлеу, қабылдау және iске асыру;
      4) халық арасында темекi шегудi қысқарту, балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың арасында олардың, таралуының алдын алу;
      5) халықтың әртүрлі топтарының арасында нашақорлықтың бастапқы алдын алуды күшейту;
      6) жастар арасында жыныстық қатынас мәдениетiн насихаттау, қатерлi мiнез-құлықты халық топтарының арасында алдын алу жұмыстарын күшейту;
      7) жұқпалы аурулардың, созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың және басқалардың бастапқы алдын алуды күшейту;
      8) экологиялық сауаттылығын күшейту, қоршаған ортаны жақсарту жөнiндегi ведомствоаралық көзқарасты қамтамасыз ету;
      9) салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi саясаттың көзқарасы тұрғысынан заңнамалық базаны жетiлдiру;
      10) осы заманғы ақпараттық техниканы пайдалана отырып, Қазақстан халқын денсаулық және салауатты өмiр салты туралы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
      11) мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында салауатты өмiр салтының дағдыларына үйрету;
      12) салауатты өмiр салты жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдын алу бағыттарын күшейту;
      13) алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының салауатты өмiр салты жөнiндегі бағдарламасын енгiзу және оларды салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi осы заманғы материалдармен қамтамасыз ету.
      Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
      1) Қазақстан Республикасы халқының салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
      2) салауатты өмiр салтының артықшылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыру;
      3) алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде денсаулықты нығайту;
      4) аурудың алдын алу жүйесiн нығайту.
      5) созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте диагностикалау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жетiлдiру.

       Ескерту. 4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5-тараулар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N  1446   қаулысымен.

             5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi 

       Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.29.  N 1446 , өзгерту енгізілді - 2006.01.06.  N 22  қаулыларымен.

         Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары:
      1) тиiстi құқықтық ортаны қамтамасыз етудiң негiзiнде алдын алуға үйлестiрiлген салааралық көзқарас және денсаулықты нығайту;
      2) хабардар болуын арттыруға кешендi көзқарас;
      3) жеке, отбасылық, жалпы адамзат және қоғамдық деңгейлерде денсаулықты сақтау және нығайту жөнiндегi халықтың қатынасын кеңейту және бiлiмiн жетілдiру;
      4) халықтың салауатты ұлттық өмiр салтын қалыптастырудың стратегиясын әзірлеуде бағдарламаны ғылыми сүйемелдеу, тұжырымдама әзiрлеу, проблемаларды анықтау және басымдылықтарды таңдау;
      5) аурудың алдын алудың ынталандыру жүйесiн жасау, алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң шеңберiнде денсаулықты және салауатты өмiр салтын нығайту;
      6) созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте диагностикалау болып табылады.
      Бағдарламаны iске асырудың негiзгі тетiгi белгіленген iс-шараларды кезең-кезеңмен орындауды көздейтiн оны iске асыру жөнiнде әзiрленген Iс-шаралар жоспары болып табылады. Іс-шаралардың кешенділігі барлық деңгейлердегi салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi қызметтi барынша үйлестiруге мүмкiндiк бередi.
  6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi 

      Ескерту. 6-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29.  N 1446 , өзгерту енгізілді - 2003.12.30. N  1357 , 2006.01.06.  N 22 қаулыларымен.

      Мемлекеттік бюджеттен бағдарламаны iске асыру республикалық бюджетте бекiтiлген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

Қаражат(мың тең-
гемен)

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Республикалық
бюджет

31505,5

34800,0

36000,0

88590,0

93130,0

95907,0

Жергiлiктi
бюджет




168254,7

187682,0

200646,1

Барлығы

31505,0

34800,0

36000,0

256844,7

280812,0

296553,3Жүктеу

      Іс-шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу және құру кезiнде нақтыланады.

       7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер: 

      Ескерту. 7-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29.  N 1446 , өзгерту енгізілді - 2006.01.06.  N 22 қаулыларымен.

        Бағдарламаны сәттi iске асыру тұтастай алғанда:
      аймақтық және ұлттық ерекшелiктерiн ескере отырып, салауатты тамақтану мәдениетiн арттыруға, темiр тапшылығы анемиясы деңгейiн төмендетуге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ұтымды тамақтану принциптерiн кеңiнен насихаттауды қамтуға, балалардың, жасөспiрiмдер мен ересектердiң салауатты тамақтануы жөнiндегi оқыту бағдарламасын дамытуға;
      салауатты жеке белсендiлiгiн түсiндiрiп таратуға, әртүрлi санаттағы халықтың қажеттi қозғалыс белсенділігін орындауға, салауатты отбасын насихаттауға;
      iшкiлiкпен және маскүнемдiкпен күресудiң тиiмдi шаралары туралы әртүрлi деңгейдегi халықтың қоғамдық ой-пiкiрiн зерделеуге, алкогольдi мәдениеттi және белгiлi мөлшерде қолдану үшiн жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге;
      темекi шекпей өмiр сүру салтын насихаттауға, балалар мен жастардың бойында есiрткiлер және дұрыс шешiм қабылдай бiлу туралы алынатын ақпараттың сынақтық бағалау дағдысын қалыптастыруға;
      қауiпсiз жыныстық мiнез-құлық принципi жөнiндегi бұқаралық ақпаратты қамтамасыз етуге, неке мен отбасының жоғары мәртебесiн бекітуге, жыныстық жолмен берiлетiн аурулар мен ВИЧ/СПИД туралы қажетті ақпаратты алуы үшiн азаматтарды тәрбиелеуге;
      жұқпалы аурулардың бастапқы және қайталама алдын алу рөлiн күшейтуге, халықтың гигиеналық мәдениетiн көтеру мүддесiне бұқаралық ақпарат құралдарын үдемелi қолдануға;
      қоршаған ортаның гигиенасы жөнiнде дерекқop жасауға, "Салауатты қалалар", "Салауатты жұмыс орындары" және қоршаған ортаның гигиенасы мәселелерi бойынша балалар мен жастарды экологиялық-гигиеналық тәрбиелеудiң басқа да жобаларын енгiзуге;
      ДДСҰ-ның "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететiн мектептер", "Денсаулық университетi" және басқа да халықаралық бағдарламаларды кеңейтуге;
      салауатты өмiр салтын дамытуды зерттеудiң ғылыми инфрақұрылымын, мониторингiн және бағалау жүйесiн құруға көмектесуге ықпал етуге тиiс.
      бағдарламаның 2003 жылдан 2005 жылға дейiнгi орта мерзiмдi кезегін iске асыру нәтижесiнде:
      темекi тартудың таралуын тұтастай алғанда 5%-ға, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдер арасында - 6%-ға, ересектер арасында - 2%-ға төмендету;
      iшiмдiктi пайдаланудың таралуын тұтастай алғанда 3%-ға, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдер арасында - 4%-ға, ересектер арасында - 2%-ға төмендету;
      туберкулезбен аурушаңдықты 3%-ға төмендету;
      өткiр iшек жұқпалы ауруларының себебi бойынша нәрестелердiң өлiм-жiтiмiн 15%-ға, өткiр вирустық-респираторлық жұқпалы ауруларды 5%-ға төмендету жоспарланып отыр.
      2006-2010 жылдары Бағдарлама кезеңдерiн iске асыру нәтижесiнде:
      салауатты өмiр салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту саласында тиiмдi саясатты қалыптастыру;
      БМСК деңгейiндегi алдын алу iс-шараларына арналған ресурстарды ұлғайту;
      халықтың алдын алу iс-шараларымен қамтылуын 80 процентке дейiн ұлғайту;
      созылмалы жұқпалы емес аурулары бар науқастардағы асқынуларды ерте анықтау және төмендету жағдайларының санын арттыру;
      созылмалы жұқпалы емес аурулармен аурушаңдық көрсеткiштерiн тұрақтандыру;
      жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын аурушаңдықты, өлiм-жiтiмдi, мүгедектiктi тұрақтандыру;
      БМСК медицина қызметкерлерiнiң 20 процентiн салауатты өмiр салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелерiне оқыту;
      халықтың 30 процентке дейiн ұтымды тамақтану мәселелерiндегi дағдыларын қалыптастыру;
      6 айлық балаларды емшек сүтiмен қоректендiрудiң пайдасы туралы халықтың хабардар болу деңгейiн 70 процентке дейiн арттыру;
      халық арасында дене шынықтыру мен спорттың таралуын 3 процентке арттыру;
      жасөспiрiмдер мен жастардың арасында темекi шегудiң таралуы мен алкогольдi тұтынуды тұрақтандыру;
      есiрткiлердi тұтынуға байланысты зияндар мен салдарлар туралы балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың хабардар болу деңгейiн 90 процентке дейiн арттыру;
      ЖЖБЖ, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша халықтың 50 процентiнiң хабардар болуын арттыру жоспарлануда.      

      8. 2003-2010 жылдарға арналған "Салауатты өмiр салты"
           кешендi бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
                     IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

       Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.   N 22 қаулысымен.

<
Прокомментировать

р/с
N

Іс-шара

Аяқталу
нысаны 

Орында-
луына
(іске асыры-
луына
жауап-
тылар)

Орындалу
мерзімі

Болжалды
шығыстар
(мың.
теңге)

Қаржы-
ландыру
көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Сапалы және ұтымды тамақтануға жәрдемдесу






winkwinkedsmileambelayfeelfellow
laughinglollovenorecourserequestsad
tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив