Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы № 2 » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2024

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы № 2

ХАТТАМА  № 2


   «А.Розыбакиев  атындағы орта мектебі »  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде  2023 жылдың   қыркүйек айында   қамқоршылық  кеңестің 

отырысы   өткізілді. 


Қатысқандар: 

 1. Багбаева Г.   -қамқоршылық  кеңестің төрайымы / үй шаруасында

 2.  Мавкеева С-  қамқоршылық  кеңес хатшысы / Бахар ауылдық округі 

      әкімшілігінің бас маманы

 3.  Оразбаев Б.- қамқоршылық  кеңес мүшесі / Бахар ауылдық учаскелік 

      полиция қызметкері

 4. Турдахунов С.- қамқоршылық  кеңес мүшесі /  ауылдың жігіт басы

 5. Дуйсеев С. – қамқоршылық  кеңес мүшесі / жеке кәсіпкер

 6. Низамова А.- қамқоршылық  кеңес мүшесі / зейнеткер

 7. Касымова С. – қамқоршылық  кеңес мүшесі / жеке кәсіпкер



    Күн тәртібінде: 

  1. 2023-2024 оқу жылында ЖБББ қорынан бөлінген қаражатқа мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларды  мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету  туралы.


     Тыңдалды: 

     1.Бірінші  мәселе бойынша мектеп жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Багбаева сөзге шықты. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы. Білім басқармасының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 15-2/5015-И хатына сәйкес  оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы хатымен таныстырып өтті.

       Қамқоршылық  кеңесте қаралатын мәселе: ЖБББ қорынан  мектептегі  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларды  мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету  туралы.

 Қазіргі таңда қамқоршылық кеңесінің  қорына демеушілер мен меценаттар  тарапынан  ешқандай   қаражат түскен жоқ. Бірақ ЖБББ қорынан бөлінген қаражатқа мектептегі  жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы  балаларын /16 оқушы / тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек.  

     Бірінші мәселеге байланысты қамқоршылық кеңестің мүшесі С.Турдахунов сөзге  шығып, жоғарыда айтылған сөздерге қосылатынын айтып,  өз пікірін білдірді. Ол мектептегі күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балалардың саны аз еместігін ескере отырып, оларға мүмкіндігінше қолдау көрсету керектігін айтып, ЖБББ қорынан бөлінген қаражатқа мектептегі  жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы  балаларын  /16 оқушы –қосымша тізім бекітілген/  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету  керектігін  айтты. 



Шешімі: 

  1.  ЖБББ қорынан бөлінген қаражатқа мектептегі  жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы  балалары  /16 оқушы / тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсін.




           Қамқоршылық  кеңестің төрайымы:                Г.Багбаева

                                                       Хатшысы:                С.Мавкеева 





Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив