Жүректе Жеңіс жаңғырығы... » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Коммунальное государственное учреждение
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72778) 59-0-32
Бухгалтерия
+7(72778) 2-31-37
Версия для
слабовидящих
28
апрель
2020

Жүректе Жеңіс жаңғырығы...

Егемендікті алып ел болдық , артта қалған азапты күндер , зұлмат соғыстарды бүгінгі күнде естелік ретінде ғана есімізге аламыз . Тарихтың беттерін бір-бірлеп қарайтын болсақ , халқымыздың басынан өткенін сезіне білу , түсіне білу өте қиын . Қаншалықты халықтың жойылып кететіндей қиыншылық , тағдырыдың басқа салған ауыртпашылық кезеңдерінде де , тарыдай жан-жаққа шашырап кетсе де , қазіргі таңда өз жолын , қалыптастыра білген мемлекет ретінде бейбіт өмір сүруде . Қазіргі 21 ғасырдағы Қазақстан жаңа технологиямен жабдықталып , өзінің пайдалы қазбаларын экспорттап , көз тартар табиғатымен ерекшеленіп , дамыған мемлекеттердің қатарына кіруде . Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі , әскери коммунизм , ұжымдастыру , Ұлы Отан соғысы , аштық , саясаттың қазақ жеріне өзге ұлт өкілдерін әкелуі , сауаты жоқ , көзі ашылмаған халық ,осыншама дүниге шыдап келген , қазақ халқы , міне бүгінгі күнде , 20 жылдың ішінде дамып , көпұлтты , зайырлы , демократиялы болды деу әсте қиын .
Ұлы Отан соғысы , бір сәтте дүние жүзін шарпыған от секілді , көптеген адамның жанын алған соғыс . Қаншама адамдар жазықсыздан жазықсыз оққа ұшты , сұм соғыстың халыққа тигізген зардабы , тарих пен есімізде ойып тұрып орын алды . 1941жылы 22 маусым Германияның "Барбаросса” жоспары бойынша , таңсәріде , қам-қауыртсыз ұйқыда жатқан халыққа шабуыл жасап , 3-4 айдың ішінде жаулаймыз деген Германия жоспарының күлі көкке ұшып , соғыс 4 жылға созылды . Міне осылайша , қаншама жасөспірімдері , қаншама ер жігіттер елін , жерін қорғау үшін , майданға аттанды . Ал оның артында жылап қалған баллары , жесір қалған әйелі тілеуін тілеумен , қара жұмыс істеумен қалды . Осы 22 маусымнан бастап , халықтың жағдайы да нашарлай бастады . Кеңес Одағындағы әскери зауыттар , өнеркәсіптерді Қазақстан жеріне көшірді . Халықтың тең жартысы , әйел адамдар колхоздағы барлық жұмыстарды істеуге , міндетті болды . Осылайша , нәзік жанды әйелдер , ер адамның адамның жұмысын істеуге , ал жасөспірім балалар әскери-оқу жаттығуларға қатысып соғысқа жіберіле берді . Халықтың өмір сүрген әрбір күні қорқынышпен , қайғымен өте берді . Ал , соғысқа қатысқан отандастарымыздың жалғыз ғана арманы – елін , жерін қорғап қалу болды .
Қазақ хандығынан бергі , халықтың басынан шеккен бақытынан гөрі , қайғылы кездері көп .Бірақ , тарих сахнасындағы өз орнын , өзі мемлекет ретіндегі мақсаты мен өзіндік орынын , бет-бейнесін сақтай білді . Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі көп. Себебі ; 1942-41 жылдарда Кеңес Одағындағы барлық өнеркәсіптер , зауыттар , әскери- оқу жаттығу мектептері Қазақстанға көшірілді . Қазақстанның өзінен азық- түлік , киім-кешек , ұрыс техникасы , оқ-дәрілер жіберіліп отырды . Халық шаршаудың не екенін білмей , еңбек етті . Халықтың еңбегі мен шыдамдылығының , мықтылығының арқасында , майдандағы жауынгерлер жауына , қасқая қарсы тұрып , күресе білді. Ұлы Отан соғысы , 110 млн адам , қанды майданға жіберілді , 55-50 млн адам , жан тапсырды . Байқап қарасаң , ұлтшылдық пен үстемдік орнату мақсатындағы , бір мемлекеттің ісі , дүниежүзін қанға бояп , жазықсыз жандардың жанын алып , отбасыларды қан қақсатты . Қазақстандықтар осы соғыста , ерендей ерлігімен көзге түскен , батыр да , ардагер аталарымыз нағыз ерлік пен патриоттық сезімнің , шынай белгісін көрсетті . Ұлы Отан соғысы , дүниежүзіндегі ұлы дүрбелең болды . Көк аспанда , Жеңіс туы желбірегенде, майдандағы жауынгерлер мен тылдағы жұмысшылардың ерен еңбегінің ақталғаны . 1945 жылы 9 мамыр , халыққа төнген қара бұлттың жоғалып , аспанда жарқырап күн шығып , Жеңіс туы желбіреген күн . Міне , қарап отырсам Ұлы Жеңіске де 75 жыл толып отыр екен . Ұлы Жеңіс жолында қаза тапқан , оралмай қалған батырларымыздың рухына бас иіп , арамыздағы ардагерлерімізді құрметтеп , еңбектеріне бас иеміз .

10 а сынып оқушысы Нуржау Гулден
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив