кәсіптік бағдар беру жоспары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Коммунальное государственное учреждение
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72778) 59-0-32
Бухгалтерия
+7(72778) 2-31-37
Версия для
слабовидящих
05
сентябрь
2024

кәсіптік бағдар беру жоспары

Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру («Білім туралы» Заңы). Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы басшының тәрбие және бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасарының, педагог-кәсіптік бағдар берушінің, сынып жетекшісінің, мектеп психологының, пән педагогтерінің, әлеуметтік педагогтердің басшылығымен «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  

Кәсіптік бағдар беру мен білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 

 Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары: 

-Кәсіби ақпараттандыру

- Кәсіптік ақпараттандыру 

Кәсіптік ақпараттандырудың келесі бағыттарына назар аударуға болады: 

1. Еңбек нарығының жай-күйі: Жаңа мамандықтар атласының өңірлік ерек-шеліктерін ескере отырып, бос жұмыс орындарын, біліктілікке қойылатын талаптарды, әртүрлі салалар мен кәсіптердің даму перспективаларын қоса алғанда, еңбек нарығының ағымдағы жай-күйі туралы деректерді ұсыну. 

2. Кәсіптерге қойылатын талаптар: әртүрлі кәсіптерге қойылатын нақты талаптар туралы ақпарат. 

3. Кәсіби өсу мүмкіндіктері: әртүрлі қызмет салаларында кәсіби және мансаптық даму мүмкіндіктерін қарастыру. 

4. Кәсіпті игерудің нысандары мен шарттары: білім алудың және белгілі бір мамандыққа дайындықтың әртүрлі тәсілдері туралы ақпарат, соның ішінде оқу орындары, оқу курстары.

 5. Өндірістің заманауи түрлері: өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, қызметтердің және басқа да қызмет салаларындағы жұмыстың заманауи технологиялары мен әдістерімен танысу. 

Назар аударыңыз! «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын анықтау және диагностика жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 692 бұйрығы Кәсіби диагностика Білім алушылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі анықтауының психологиялық аспектілерін диагностикалауға, олардың кәсіби бағытын таңдауға мүмкіндік беретін әдістерді қолдану ұсынылады. 

  Кәсіби кеңес беру Келесі бағыттар бойынша кәсіптік кеңес беру ұсынылады:

 • Мамандық таңдау. Білім алушының жеке психологиялық сипаттамалары мен мамандыққа қойылатын талаптарды ескеру.

• Кәсіби ұтқырлық. Кәсіби құзыреттерге қойылатын өзгермелі талаптарға сәйкес жеке-психологиялық қабілеттерін және кәсіптік даярлық деңгейін дамыту.   

• Кәсіби өзін-өзі анықтау. 

Мамандық таңдауда, кәсіби дамуда және өзінің жеке-кәсіптік әлеуетін іске асыру мүмкіндігінде өзін анықтау. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері әзірлеген орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ұсынымдар: 

1. Білім беру ұйымдарында кәсіптік әлеуетті дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар 

2. ҚР орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысының моделін құру әдіснамасын әзірлеу 

3. Педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған әдістемелік ұсынымдар 

4. Орта білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша (әдістемелік кабинеттердің басшылары, мектеп директорларының орынбасарлары, сынып жетекшісі, пән педагогтері, педагог-психологтар үшін) әдістемелік ұсынымдар 

5. Білім алушыларды үздіксіз кәсіптік бағдарлау жүйесін құру стратегиясы бойынша әдістемелік ұсынымдар Назар аударыңыз! Школыдегі кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша әдістемелік ұсыныстармен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның сайтында танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/ metodology/

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері

  Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.
 Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмысорнын жиі өзгертуге себепші болады. 

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері :

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында

оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Мақсаты: 

оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына

көмек беру;

Міндеттері: 

-оқушыларға мамандықтар әлемі туралы біртұтас мағлұмат беру,

-оқушылардың өз қызығушылығын, бейінін,

қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу,

-кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру,

-оқушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу;

Күтілетін нәтиже: оқушының өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін тануы, жеке танымдық қорытындымен ішкі қажеттіліктері негізінде кәсіби

бағдарлану жолын анықтауы;





Кәсіптік бағдар беру бойынша 2024-2025 оқу жылына жоспар

Мақсаты: Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру.Оқушыларды,ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Школьникам ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Кәсіби білім беру аясында әлеументтік серіктестікті дамыту;
  • Кәсіби білім беруде мекемелерімен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстаарын ұйымдастыру;
  • Химия, биология, физика, математика, қоғамтану пәндерінен бағыт бойынша топтық тапсырмасын орындау;
  • Кәсіби бағдар беруді оқу бағдарламасына, оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.


Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары 1-4 сыныптар

І. Оқушылармен жұмыс

Іс -шара атауы

Сынып 

Мерзімі 

Түрі 

Жауапты

1

Болашақтағы мен армандайтын мамандық

3 А

Қыркүйек 

Тәрбие сағаты

Алиева А

2

Алуан түрлі кәсіп бар 

Ә

Қыркүйек 

Тәрбие сағаты 

Турганова Г

3

Мамандықтар әлемінде 

4 А

Қазан 

Тәрбие сағаты

Рақышева И

4

Медицина саласы қызметкерлерімен кездесу

Ә

Қараша 

саяхат 

Кадырова А

5

Мамандығым мақтанышым 

А

Қараша 

Тәрбие сағаты

Құлжасбаева А

6

Мамандықтың жаманы жоқ, икемділік қажет 

Ә

Желтоқсан 

Кездесу

Мансурова Ш

7

Мамандықтың бәрі жақсы

А 

Қаңтар 

Сайыс 

Алиева А

8

Мен кім боламын?

4 А

Ақпан 

Тәрбие сағаты

Рақышева И

9

Кім боламын?

2 Ә

Наурыз 

Сурет салу

Турганова Г

10

Кәсіби бағдар беру 

1 Ә

Сәуір 

Ойын 

Кадырова А

11

Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең жауапты әрекет

3 Ә

Сәуір 

Эссе 

Шеруллаева Н

12

Мамандық таңдау - маңызды іс

2 А

Мамыр 

Кездесу

Құлжасбаева А

13

Мамандық таңдау - болашақты таңдау

4 Ә

Мамыр 

Эссе 

Мансурова Ш

14

Мамандықтар туралы жұмбақтар

3 Ә

Мамыр 

Ойын 

Шеруллаева Н

ІІ. Ата-аналармен жұмыс

Іс -шара атауы

Сынып 

Мерзімі 

Түрі 

Жауапты

1

Осындай мамандықтар бар 

Ә

Қыркүйек 

Кездесу

Кадырова А

2

Бала және кәсіп 

4 А

Қазан 

Жиналыс 

Рақышева И

3

Мамандық таңдауда ата ананың ықпалы қандай?

3 Ә

Қазан

Жиналыс 

Шеруллаева Н

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив