Өзін-өзі бағалау. Тәрбие саласы » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2024

Өзін-өзі бағалау. Тәрбие саласы

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «А.Розыбакиев атындағы  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметінің






Өзін-өзі бағалауы туралы

ҚОРЫТЫНДЫСЫ



























                      2024 жыл, Ұйғыр ауданы,  Бахар  ауылы


 


  1. Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);

https://drive.google.com/drive/folders/1E0nZ-arn3KiqH44I3mrNfMwy0_pRKn_d

(Әлеуметтік педагог жоспарлары, Дефектолог жоспарлары, Педагог-психолгтың жоспарлары, Педагог- ұйымдастырушы жоспары Жас Ұлан, Жас Қыран, Тәрбие жоспары – 2018-2023 жылдары)

2020-2021 оқу жылы Тәрбие жұмысының жұмыс жоспары 28 тамыз 2020 жылы №1 педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілді.

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбие жұмысының проблемасы:

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында туған жерін, елін сүйген жеке тұлғаны тәрбиелеу

Мақсаты: оқушыларды туған жерге, Отанға, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, халқымыздың салт- дәстүрлерін құрметтеуге үйрету, салауатты өмір сүруге бейімдеу.

Міндеттері:

  1. Ұлттық сана сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ,елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, құқықтық сауаттылығы қалыптасқан қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.
  2. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану.
  3. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт- дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуға тәрбиелеу және оқушы бойына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру.
  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
  7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты . 

Мақсаты: балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша 1 қыркүйек білім күніне орай   салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиыннан соң «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында бірыңғай алғашқысыныпсағаттары өткізілді. 

Қыркүйекайында Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне арналған онкүндік жоспарланып, әртүрлі іс-шаралар өтілді: «Тілім менің-тірлігімнің айғағы», «Ұлттың ұлы ұстазы», «Славим русский язык», «Ана тили-хәлиқниң жени һәм қени» интеллектуалдық жарыс, «Ана тилим-дана тилим» әдебий кеш өтілді. «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы»атты сынып сағаты, «Тіл- елімнің тірегі» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды, «Ахмет Байтұрсынов -қазақ зиялыларының көсемі» атты көрме ұйымдастырылды. 3-сыныптар арасында «Мақал- мәтелдер сайысы », «Тилдин артуқ ғәзнә йоқ. Тилдин артуқ хасийәт йоқ » тақырыбында  әдеби кеш, «Ана тілімізді құрметтейміз» тақырыбында  сынып сағаты.   

Республика күнін мерекелеу мақсатында іс-шаралар өтілді: «Республикам менің», «Біз үлкен елдің, кішкентай тұрғындарымыз», «25 қазан- Республика күні» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Республика күніне орай  мерекелік концерттік бағдарлама, кітапханада көрме ұйымдастырылып, спорттық іс-шаралар өткізілді.

   Құқықтық тәрбие айлығы 15 қазан- 15 қараша аралығында  жоспарланып іс-шаралар өткізілді.

    Қараша айында «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар, сынып сағаттары, көрмелер ұйымдастырылды. Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты сынып сағаттар өткізілді. Ақпан айында «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында  кездесу өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Мамыр айында 

«Батырлар рухына бас иеміз» атты Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы бейнероликтер әзірленді.  

«Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша » 

Мақсаты: жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын қайта құру туралы қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарына, нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін "Рухани жаңғырудың" құндылық негіздері туралы терең түсінік қалыптастыру; "Өзін-өзі тану" негізінде рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Қыркүйек айында 1- сынып оқушыларына «Букроссингке саяхат», «Кітапхана- рухани байлық ордасы» атты мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылды; «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша тәрбие сағаттар, бейнероликтер әзірленді: «Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл», «Мухтар Әуезовтің 125  жылдығына орай» жазушының белгілі әңгемелері...

1 қазан- Қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты концерттік бағдарлама өтілді.

Алғыс айту күнін атап өтуге арналған өңірлік кешенді іс-шаралар жоспары негізінде мектепішілік жоспар құрылып эсселер байқауы, сурет байқауы, қабырға газеттері шығарылды , «Алғыс айту -парызым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Ризашылық марафоны» атты спорттық жарыстар ұйымдастырылды. «Ризамын халқыма» атты концерттік бағдарлама өткізілді.

     Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік» зейнетке шыққан мұғалімдермен кездесу өткізілді. «Ұстазым менің, ұстазым» мерекелік концерт ұйымдастырылды. 

    Қазан айында  «Адамзаттың ұлы ұстаздары» тақырыбында  бейнеролик әзірленді.      Қараша  айында «Туған жер» бағыты бойынша сынып сағаттар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.  Желтоқсан айында «Қазақтың текті қыраны- Талғат Бигелдинов» атты сынып сағаты өткізілді. «Бейбітшілік балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. «Қазақтың қаһарман қызы- Мәншүк Мәметова» атты сынып сағаты өтілді.


«Ұлттық тәрбие» бағыты мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау. “ Ұллтық ойындар бойынша тәрбие сағаттары өткізілді. «Өз жеріңді таны»  тақырыбында   оқушылармен  бірге саяхат  сабағы ұйымдастырылды.


«Отбасытәрбиесібағыты» неке және отбасы мүшелерін құрметтеу құндылықтарын тәрбиелеу; отбасылық культ; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылықтары; отбасы мен достарына деген адалдық; отбасылық дәстүрлер; жәдігерлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу; ана болудың қасиеттілігі; сезім құндылықтары - сүйіспеншілік, адалдық, достық, ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

5-6 сыныптар арасында  «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайысы болды.

1-2 сыныптар арасында «Отбасым- байлығым» атты эстафеталық жарыс, «Әр отбасы-бір әлем» атты отбасылық оқылым,1-4 сыныптар арасында « Отбасым- мақтанышым» атты суреттер галереясы жасалынды, 3-4 сыныптар арасында «Кітапты оқы-жетістікке қадам бас» атты оқырман отбасы сайысы өткізілді,  5-8 сыныптар арасында «Отбасы-бақыт мекені» атты бейнероликтер әзірленді.


 


Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы қатынасты қалыптастыру, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту, қайталанбас құндылық ретінде табиғатты сүю; кіші Отан ретінде туған табиғатқа деген сүйіспеншілік. «Арайлы алтын күз» тақырыбында күзгі дәнді дақылдарын экибана жасап, суретке түсіріп, ғаламтор желісіне жариялау, «Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары» атты бейнеролик әзірленді. «Ерте жастан бастап экологиялық мәдиениет» жобасы бойынша жұмыстар атқарылды. «Туған жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың түрлері», «Туған өлкемнің таңғажайып табиғаты», «Таза болса ауа, жанға шипа дауа» атты акция өткізілді. «Табиғат-ортақ үйіміз» тақырыбында қабырға газеттерін шығару номинациялары бойынша байқау өткізілді. «15 сәуір- экологиялық білім күні » атты сахналық қойылымдар, «Құстар күні» акциясы өткізілді.

«Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты

Мақсаты: әр адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті, соның ішінде балалардың кибер мәдениеті мен кибер гигиенасын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру. «Балалар және театр» жобасы аясында жоспар жазылып, іс-шаралар өтілді. «Қаз дауысты Қазыбек би 355 жыл» атты сынып сағаты өткізілді. «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» атты қолөнер байқауы өткізілді.


«Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие» 

Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру, эстетикалық талғам мен сезімнің эстетикалық санасын, халықтардың ұлттық мәдениеттері құндылықтарына көркемдік-эстетикалық сезімталдықты қалыптастыру.

«Ұшқыр   ой алаңы » оқушылардың дебаттық қозғалысы  жобасы  бойынша жұмыстар атқарылды. «Ғасыр ақыны» атты М.Мақатаев ... «Қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаев», «Үш бақытым» атты Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өткізілді.

     Жаңа жыл мерекесі, 10-11-сыныптар үшін «Қыстық балл» іс-шаралары өткізілді.  

Халықаралық әйелдер және қыздар мерекесіне арналған  концерт ұйымдастырылды.

«Күз аруы-2022» байқауы өткізілді.

«Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты » бойынша 

салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене шынықтырудың құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру.  

Діни экстремизмге қарсы күрес және оның алдын алу жұмыстары бойынша оқушыларға бос уақыт қалдырмау мақсатында ата-аналармен бірлесіп, түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді. Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жоспар құрылып 15-19 қыркүйек аралығында іс-шаралар өткізілді.  

Кәсіптік бағдар бойынша 9-11-сыныптар «Мамандық таңдауға бағдар» тақырыбы бойынша ТОО «Бахус- Шырын заводына» саяхатқа барды. «Мамандықты таңдау- ертеңді ойлау», «Мамандықтар елінде», «Мұндай мамандық бар» тақырыбында бейнероликтер әзірленді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Туған жер»жобасы аясында «Тәрбие және білім» бағыты бойынша «Кітап- білім бұлағы» базалық бағытын іске асыру шеңберінде «Мен оқыған қызық кітап» атты  пікір алмасу  өткізілді.

     12 сәуір ғарышкерлер күніне орай  тәрбие сағаттары өткізілді: «Ғарыш әлеміне саяхат», «12 сәуір-ғарышкерлер күні», «Ғарышкерлер күні».

«2022 жыл- Балалар жылы» аясында өткізілген іс-шаралар: «Табиғатты қоқыстан тазартайық», «Жасыл ел- жарқын болашақ», «Мен және менің полицейім  атты акция, «Білімді жастар- еліміздің болашағы» тақырыбында пікірталас өткізілді, И.Бахтияның 90 жылдық мерейтойына арналған «Ақын шығармашылығы- ел жадында» атты кеш өткізілді.


2023-2024 оқу жылы  Алыс  шалғайдағы   елді  мекенінде  орналасқан оқушыларды  тасымалдауды  ұйымдастыру  


    «Білім туралы»  2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрықтарына,аудандық  білім    бөлімінің   бұйрығы   негізінде «Жалпыға  бірдей   білім  беретін  мектептерге  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  норма  мен  талаптарға  сәйкес  мектептен  алыс  шалғайдағы   елді  мекенінде  орналасқан оқушыларды  тасымалдауды  ұйымдастыру  үшін»  мектеп  директорының  31.08.2023  жылғы    бұйрығына http://rozybakiev-uiguraud.mektebi.kz/templates/mcp/images/bg.png сәйкес  мектептен  7  шақырым  алыс  орналасқан  Қалғантам  елді  мекенінен оқушыларды  автокөлікпен  тасымалдау  жұмысы ұйымдастырылған.

     Барлығы- 16  оқушы + МАД – 3 оқ ушы,  І-ауысымда-9  оқушы,  ІІ-ауысымда- оқушы.

      Жол  жүру  сызбасы  http://rozybakiev-uiguraud.mektebi.kz/uploads/posts/2024-02/1707128188_1707127551968.png мектеп директорымен бекітілді.  Күніне  6 рет  / 7 км/ тасымалданады. Кестесі  жасалынып, бекітілген.  Оқу  жылының  басында  оқушылардың  ата-аналарымен, оқушылармен  жиналыс  өткізіліп, қауіпсіздік  ережелері  түсіндіріліп  отырылады. 

   Оқушыларды  күнделікті  қабылдап  алу,   үйлеріне  шығарып  салу жауапкершілігі   күнделікті  кезекші  мұғалім  мен  жауапты  әкімшілік  кезекшіге жүктелген.

  Тасымалданатын   оқушыларды    күнделікті  бақылау  директордың  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасары   Р.Улдахановаға  жүктелген.  

   Жүргізуші  Бишаров  Шерияздан  өз  жұмысын  жауапкершілікпен  атқарып, оқушыларды  әр  уақытта  кешіктірмей  жеткізіп  отырады. Қалғантам  ауылында  оқушылар  жиналып ,  автокөлікті  тосып  отыратын  2 аялдама  бар.

   Ата-аналары  сол  аялдамадан  балаларды    автокөлікке  отырғызып,  сабақ-тан  кейін  күтіп  алады.


Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив