Көркем еңбек пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көркем еңбек пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
02
апрель
2022

Көркем еңбек пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

5-9 сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінің 

оқу бағдарламасының ерекшеліктері бойынша

ТҮСІНІК  ХАТ


Бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептегі «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің мазмұны негізінде әзірленген кіріктірілген жаңа «Көркем еңбек» пәні енгізіледі.

Пәннің оқу бағдарламасы келесі тараулардан тұрады:

1) Жалпы ережелер – бағдарлама мазмұнын жүзеге асырудың мақсаты, міндеттері, негізгі әдіснамалық және әдістемелік қырлары туралы ақпарат қарастырылған;

2) Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру – оқу жүктемесінің көлемі туралы ақпарат берілген, пән бойынша тақырыптардың мазмұны енгізілген;

3) Оқыту мақсаттарының жүйесі – бөлім бойынша әр сыныпқа бөлінген оқытудың күтілетін нәтижелері (оқытудың мақсаты);

4) Ұзақ мерзімді жоспарлар – оқу жылы бойы бағдарлама бөлімдерін оқыту реттілігін анықтайды. Сағат саны бөлінуін, сонымен қатар тоқсанда оқытылатын тақырыптардың реттілігін мұғалімнің қалауы бойынша өзгертуге болады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың негізі болып табылады.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту оқушылардың өнер мен технология саласындағы функционалды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған, пәндік білім мен түсініктерін, тұлғалық, практикалық, көркемдік, зерттеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, әлемді эстетикалық қабылдауын дамытады.

Орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде пәннің мазмұнын кіріктірудің себебі, қолданыстағы «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Технология» пәндері бойынша оқу бағдарламалардың мазмұна жасалған талдау мазмұны жалпы ұқсас екенінін және аталған пәндер бағдарламаларындағы оқу материалдарының қайталанатындығын көрсетті.

Екі пәннің мазмұны бойынша шамамен бірдей, әртүрлі тарауларын біріктіру қажеттігі «Көркем еңбек» (негізгі мектепте) пәнінің бес білім беру бағыттарын анықтады:

1) визуалды өнер;

2) сәндік-қолданбалы өнер;

3) дизайн және технология;

4) үй мәдениеті;

5) тамақтану мәдениеті.





«Көркем еңбек» пәнінің мазмұны қолданыстағы «Технология» оқу пәнінің бағдарламасында гендерлік ерекшелігіне қарай (қыздар мен ұлдарға), сыныптың толықтырылуынан тыс қарастырылады.

Визуалды өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: классикалық және заманауи өнер, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары; сандық өнер (фотография, анимация, медиа құралдар); бейнелеу өнерінің (визуалды) мәнерлік құралдары; көркем материалдар және техникалармен жұмыс дағдыларын меңгеру. Осы тараудың мазмұнында ұлдар мен қыздар үшін бірдей тақырыптар қамтамасыз етілген. 

Сәндік-қолданбалы өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: сәндік қолданбалы өнерінің ерекшеліктері мен негізгі формалары, Қазақстанның және басқа ұлттардың   қолданбалы өнері, СҚӨ материалдары, құралдары мен технологиялары; ұлттық ою-өрнек; интерьерді сәндік безендіру. 

 Дизайн және технология (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдар; тоқыма материлдарды өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар; тоқыма  материалдарын өңдеудің әр түрлі тәсілдері; тоқыма материалдардан жасалған бұйымдардың дизайны; сән индустриясы, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясы.

 Үй мәдениеті (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: жеке адам гигиенасы; тұрғын үй экологиясы; өсімдік өндіру негіздері, сәндік гүл өсіру, ландшафтық дизайн; киімді күту және сақтау. 

Тамақтану мәдениеті тарауының мазмұнында: дұрыс тамақтану негіздері; дастарқан басында өзін-өзі ұстау тәртібіас мәзірін әзірлеу; тағам дайындау технологиясы; әлем халықтарының тағамдары.

Жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерінің бірі, оқу пәнінің мазмұнын анықтауға негіз болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелер болып табылады. Пәннің мазмұны пәндік білім және икемділікпен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Құрылған оқу мақсаттарының жүйесі келесі дағдыларды дамытуға негіз болып табылады: білімді функционалды және шығармашыл түрде пайдалану, сыни ойлау, зерттеушілік жұмыстарды орындау, ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды қолдану, коммуникациялардың әртүрлі тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс істеу икемділігі, шығармашылық іс-әрекетінің барысын жоспарлау, ақпараттық кеңістікте бағдарлану икемділігі.

«Көркем еңбек» оқу пәні бойынша оқыту мақсаттары жүйесі шығармашылық іс-әрекет барысында негізгі білімдер мен практикалық икемділіктерін қалыптастыруға бағытталған үш тарау бойынша қарастырылған. 

1-тарау «Идеяларды зерттеу және дамыту» қоршаған ортаны, әртүрлі материалдарды зерттеу, қазақ халқының және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрімен танысу, жеке шығармашылық идеяларын ұсыну  барысында зерттеу икемділіктерін және шығармашылық қиялын дамытуға бағытталған. 

2-тарау «Жасау және дайындау» оқушылар әр түрлі материалдармен эксперимент жүргізу, әр түрлі құралдармен жұмыс істеу икемділігі және жұмыстың әртүрлі техникаларын меңгеру барысында қоршаған болмысты бейнелеудің 



практикалық икемділіктерін дамытуға бағытталған.

3-тарау «Презентация, талдау және бағалау» коммуникативтік дағдыларын дамытуға және оқушылардың 

академиялық тілін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламада оқушылардың зерттеу дағдылары мен танымдық іс-әрекеттерін дамытуға ерекше назар аударылған. Педагогикалық тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер оқушы оқыту барысында танымдық белсенділік танытса, тиімді нәтижелерге қол жеткізе алады. Танымдық белсенділікті қолдаудың негізгі формалардың бірі – сабақта ұсынылатын іс-әрекеттердің алуан түрлілігі мен вариативтілігі. Бейресми ортаны ұйымдастыру, жұмысты ерекше түрде бастау, әдемі және әртүрлі материалдар, қызықты және бірін бірі қайталамайтын оқу тапсырмалары, шығармашылық идеяларды ұсыну материалдары және техникаларды таңдау мүмкіндігі оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру үшін мұғалім әр оқушыны жеке, жұптық және топтық жұмыс түрінде жүргізілетін белсенді мақсатты оқу-танымдық іс-әрекетке қатыстыру керек. Біркелкіліктен құтылу үшін және оқушылардың көркем еңбекке деген қызығушылығын қолдау үшін сабақ барысында жұмыстың әртүрлі формаларын жүргізіп отыру керек. 

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкінідік туғызады. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әртүрлі құралдарын қолдану оқу бағдарламасын жүзеге асырудың және кең ауқымды дағдыларды дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану және олардың көркем еңбек сабағындағы жан-жақты мүмкіндіктері:

•  шығармашылық жұмыс жасауда компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды қолдану;

•  зерттеу жүргізу, презентация мен жобалар жасау үшін интернет ресурстарын пайдалану;

•  қауіпсіз әлеуметтік тораптары мен онлайн ортада қатынасу, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту;

   сандық камераны қолдану арқылы нақты ақпаратты жазу және тіркеу.

Қазіргі заманғы орта білім беруде жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әр түрлі әлеуметтік топтарда тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматарды тәрбиелеуге ерекше назар бөлінеді. Осы міндетке қол жеткізу үшін көркем еңбек сабақтарында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытатын және өз ойларын сенімді түрде айтуға мүмкіндік беретін жағымды орта ұйымдастыру және іс-әрекет түрлерін таңдау керек.

Коммуникацияны дамыту үшін оқу бағдарламасында шығармашылық жұмыстың презентациясын, пәннің академиялық тілін  қолданып белгілі аудиторияның алдында сөз сөйлеуді қарастыратын оқытудың жеке мақсаттары анықталған. Пәнді меңгеру аясында оқушылар өз шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің және басқалардың жұмыстарын түсіндіру, талдау және нәтижелерін сауатты бағалау, жұмыс әдістерін және шығармашылық идеяларын ұсына білуі керек.





Оқушылардың идеяларын немесе шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көрсетуде (презентация) пікір алмасу, талдау, және бағалау барысында сөйлеу дағдылары мен коммуникацияны дамытып қана қоймай, сонымен қатар пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, оқушыны белсенді шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады. 


«Көркем еңбек» оқу пәнінің мазмұны пәндік міндеттерді шешумен қатар, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған, эстетикалық тәрбиеге ерекше назар аударылады. 

Бұл пәннің шеңберінде жүзеге асырылатын эстетикалық білім мен тәрбие беру шығармашыл тұлғаны дамытуға және 


қалыптастыруға тиімді ықпал етеді, жалпы барлық оқу үдерісіне жағымды әсер етпек. Өнер сабағында эстетикалық білім беру мен тәрбиелеу шығармашылық іс-әрекет барысында жүзеге асырылады, соның негізінде оқушылардың өз ойын білдіруге және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беретін пәндік және пәнаралық білімдері, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.

Сонымен қатар пән Қазақстанның көркем-мәдени мұрасын сақтауға және оны келесі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосады, болашақта кәсіби іс-әрекетін анықтаудың негізі болып табылады. 







«Көркем еңбек» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

5-сынып (қыздарға арналған), оқу жылында 68 сағат

Р/c

Ұзақ мерзімді жоспар дың бөлімдері

Тақырыптар/

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны


Оқу мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті

Сағат

саны

Уақыты


1

Визуалды өнер

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

1

1-4.09


5.1.3.1 -Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)


2

Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы

5.3.2.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

1

1-4.09


5.3.3.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау


3

Натюрморт өнері. 

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

1

7-11.09


4-5

Ұлттық сәндік натюрморт

5.1.6.4-Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркем өнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

1




1

7-11.09




14-18.09


5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


6-

7-

8

Пейзаж. 

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

1

1



1

14-18.09

21-25.09



21-25.09


Табиғатпен үйлесім


Әуе перспективасы

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану


9-

10-

11


Индустриалды пейзаж. 


5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)


1


1



1

28-2.10


28-2.10



5-9.10


Қала пейзажы



5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану


Сызықтық перспектива


12-

13

Пластикалық пішіндер өнері. 


5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

1





1

5-9.10





12-16.10


Мүсін өнері

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив