05-15 қыркүйек арасында тілдер мерекесіне өткізілген онкүндік
«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 о.ж. 05-15 қыркүйек арасында Тілдер мерекесіне арналған онкүндік іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру;ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру;оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру; Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай қазақ ағартушысы,қоғам және мемлекет қайраткері, ақын туралы мағлұмат беру.
Мектеп кітапханашы «Ана тілім- айбыным» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастырылды.Көрмеге қазақ, ұйғыр ,орыс тілінде әдеби кітаптар қойылып ,оқырмандардың жас ерекшілігіне қарап жасалған. Көрме оқырмандардың қосымша білім алуына , ұсынылған тақырыпқа қызығушылығы артыру және кеңейту мақсатында ұйымдастырылған.
5-11 сыныптар «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында тіл мерекесіне арналған қабырға газеттерін шығарып, мектеп ғимаратында орналыстырылды.
Оқушылардың жазба қабілетін арттыру мақсатында «Тіл- елімнің тірегі» атты тақырыпта эссе жазулуы ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойын нақты және сауатты жеткізіп, өздерінің тілге болған құрметтін, өздерінің көзқарасын жазып өтті.
7-8 сынып жетекшілер жаңа технологияларды пайдаланып отырып сынып сағаттар өтті. Сынып сағаттарда оқушылардың сөйлеу,ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ой қозғайтын әдіс-тәсілдер қолданды.
4-6 сыныптар «Ахмет Байтурсынов-қазақ зиялыларының көсемі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды ақындың әдеби мұрасымен таныстыру. Көрме келесі материалдарды ұсынды : энциклопедиялар,өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер қолданған.
Қазақ, ұйғыр, орыс,ағылшын тілі пән мұғалімдер жоспар бойынша тіл мерекелік іс-шараларды жоспарлап , орындады