Тілдер мерекесі » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

Тілдер мерекесі

«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 о.ж. 05-15 қыркүйек арасында Тілдер мерекесіне арналған онкүндік іс-шаралар өткізілді.  

Мақсаты:  оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру;ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру;оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру; Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл  толуына орай қазақ ағартушысы,қоғам және мемлекет қайраткері, ақын туралы мағлұмат беру.

Мектеп кітапханашы «Ана тілім- айбыным» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастырылды.Көрмеге қазақ, ұйғыр ,орыс тілінде әдеби кітаптар қойылып ,оқырмандардың жас ерекшілігіне қарап жасалған. Көрме оқырмандардың қосымша білім алуына , ұсынылған тақырыпқа қызығушылығы артыру  және кеңейту мақсатында ұйымдастырылған. 

5-11 сыныптар «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында тіл мерекесіне арналған қабырға газеттерін шығарып, мектеп ғимаратында орналыстырылды.

Оқушылардың жазба қабілетін арттыру мақсатында  «Тіл- елімнің тірегі» атты тақырыпта эссе жазулуы ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойын нақты және сауатты жеткізіп, өздерінің тілге болған құрметтін, өздерінің көзқарасын жазып өтті.

7-8 сынып жетекшілер жаңа технологияларды пайдаланып отырып сынып сағаттар  өтті. Сынып сағаттарда оқушылардың  сөйлеу,ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ой қозғайтын әдіс-тәсілдер қолданды.

4-6 сыныптар «Ахмет Байтурсынов-қазақ зиялыларының көсемі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды ақындың әдеби мұрасымен таныстыру. Көрме келесі материалдарды ұсынды : энциклопедиялар,өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер қолданған.

           Қазақ, ұйғыр, орыс,ағылшын тілі пән мұғалімдер жоспар бойынша тіл мерекелік іс-шараларды жоспарлап , орындады



 
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив