25-қазан- Республика күні » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2022

25-қазан- Республика күні

«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 о.ж.  25- қазан республика  мерекесіне арналған  іс-шаралар өткізілді.  

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден бастала-тынын  түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Республика күніне байланысты  мерекелік концерттік  ұйымдастырылып, кітапханада  көрме ұйымдастырды, спорттық іс-шаралар өтелді. 

Мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып мектеп директоры С.Имиршаева өз сөзінде  жас ұрпаққа  бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер себебі «жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен деп отырып оқушыларға туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар деп сендер  тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз деп өз сөзін аяқтады.

5-6 сыныптар арасында «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант жазылды; 

Республика күнін мерекелеу аясында 7-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазылды; «Патриотизм дауысы» мемлекеттік гимн жаппай орындалды;

Сондай-ақ, «Республикам менің», «Біз үлкен елдің, кішкентай тұрғындарымыз», «25-қазан Республика күні», « Менің Отаным- Қазақстан» атты сынып сағаттар өтілді.  Сынып сағаттарда сынып жетекшілер жаңа технологияларды пайдала отырып , сабақта интерактивты тақта пайдаланды, сынып сағаттар викторина түрінде өттілді.

Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын  түсіндіру мақсатында сынып сағаттарда оқушыларға адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді түсіндіре отырып,әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болатын айтып өтті . Сынып жетекшілер оқушыларға алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу туралы оқушыларға бағыт-бағдар  берді.
 
Қортында айтқанда ,Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов  «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар,  ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұр-сынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен.  


  
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив