Әдістемелік жұмысына SWOT талдауы / 2021-2022 оқу жылы / » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Әдістемелік жұмысына SWOT талдауы / 2021-2022 оқу жылы /


А.Розыбакиев атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің

әдістемелік жұмысына

SWOT талдауы  

  / 2021-2022 оқу жылы /








“S”  (Strengths) күшті жақтары

“W” (Weaknesses) әлсіз жақтары

     «А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» КММ 2021-2022 оқу     жылындағы  үлкен жетістіктерге жетті. 

Оқу жылының басында 60 мұғалім жұмыс істеген, 2 мұғалім өз еркімен кетті, 4 мұғалім  декреттік демалыста. Жылдың соңында 58 мұғалім жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 6 мұғалім декреттік демалыста. 

Біліктілік санаты бойынша: 

Зерттеуші 5

Сарапшы  21

Модератор 12

Жоғары 1

Бірінші 3

Екінші 5

Санаты жоқ 11

Мектеп тренерлері 5, денгейлік курс – 8 \ I -2   II – 2     III- 3\

Серіктес мектеп бойынша Қалжат орта мектебімен мектеп тренерлері мен деңгейлік курс оқыған мұғалімдердің жетекшілігімен пән мұғалімдер вебинарлар өткізіп, тәжиребе алмасты.Жауапты Кадырова А.А. 


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2 облыстық семинар, 1 республикалык вебинар өткізілді.


 Функционалдық сауаттылықты арттыруға ықпал жасады.\ ПИЗА, ПИРЛЗ халықаралық зерттеулерден өтті, мұғалімдер НИШ ұйымдастырған курстан өтті, Ш.Смағулов атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның ұжымымен бірігіп оқушыларды дайндады, 5, 9-10 сынып оқушылары қатысты\

.

Әр түрлі  жағдаяттарда шешімін таба біледі

Білім беру платформаларын қолдана біледі

Теориялық білімі жеткілікті

Мұғалімнің өзгерем деген ниеті мен кез келген мәселеге ойлана қарауы. 

2021-2022 оқу жылында  информатика пән мұғалімі Есімхан Сымбат мектепішілік «Педагогикалық Дебют» жарысқа қатысып ІІ орынды иеленді. «Күнделік .кz» толтыру бойынша және «Pirls» жұмыс жүйесінің жүйелі жүргізілуі бойынша информатика пән мұғалімі Узбекова Биғайша Алғыс хатпен және сертификатпен марапаталды. Аудан әкімінің Алғыс хатымен физика  пәнінің мұғалімі Арипов Я, және Ұйғыр мәдениет орталығының құрмет грамотасымен математика пән мұғалімі Палтаева З  мұғалімдер күніне орай марапатталды. Облыстық білім бөлімінің құрмет грамотасымен информатика пән мұғалімі Узбекова Б марапатталды. Облыстық     кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен математика пән мұғалімі Палтаева З марапатталды.


Қараша айында химия және биология пәндері бойынша өткізілген «Каникулдық мектеп» атты аудандық семинарда «“Химия сабағында PISA бағытындағы тапсырмаларын кіріктіру“» тақырыбында коучинг өткізді.Үш тілдік бойынша №3 мектепте өткізілген аудандық семинарға қатысты. Аудандық химия пәні бірлестігінің ұйымдастырған вебинарларына үнемі қатысады.Қазақстан тәуелсіздігіне арналған аудандық көрмеде модификация кабинеттерін көрсетуде химия және стем кабинетінің ерекшеліктерімен таныстыруға  қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Измахунова З. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» мектепішілік педагогикалық олимпиадасына қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. Мубаракшаева У. аудандық байқау “Тәуелсіздік елдің ұрпағымын ” телеэссе  II- орын.

Облыстық семинарда бастауыш сынып мұғалімдері Кадырова А мен Асанова Ф «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   жүргізген  жұмыстарын көпшілікке көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Тим-тичинг» жобасы аясында өткізген ықшам сабағымен тәлімгер Құлжасбаева А мен тәлім алушы Абдикерім Қ жаратылыстану пәнінен өткізген зерттеу сабағын  облыстық семинарда көрсетіп, көпшілік көңілінен шықты.

Аудандық педагогикалық оқу байқауына бастауыш сынып мұғалімі 

Құлжасбаева А «Оқытуда әдіс- тәсілдерді қолдану» атты тақырыбында өз жұмысын көрсетіп жүлделі орынмен марапатталды 

-Онлайн сабақтардан кейін оқушылардың білім деңгейі төмен 

-Авторлық бағдарламалар

-Үй тапсырмаларының толық орындалмауы 

-Кіріктірілген сабақтардың аздығы

-Оқушылардың өздеріне керекті деректерді ала алмауы,тақырыптарды толық түсінбеуі

Үй тапсырмаларының толық орындалмауы 

Кіріктірілген сабақтардың аздығы

Уақытты ұтымды пайдалана алмау

  Функционалдық сауаттылық тапсырмалары мен жұмыс әлсіздігі. 

Деңгейлік  курстан өткен ұстаздардың санаулы болғаннан кейбір  ұстаздардың сабақ өту барысында стратегияларды, интербелсенді әдіс- тәсілдерді қолдануда кемшіліктер жіберіліп келеді.

Мұғалімдердің психологиялық жағынан сенімсіздігі- жаңартылған бағдарламаны кейбір мұғалімдердің әліде меңгерменгені. Сондай-ақ,  тағы бір әлсіз жақтары  математика пәні бойынша  оқушылардың     ойлау қабілеті төмен, білім сапасының пән бойынша төмендігі. 


“O” (Opportunities) мүмкіндіктері

“T” (Threats) қауіптері

  1. Ұстаздармен мейімінше көп жұмыс жасаға, жоспарланған мақсаттарды орындауға, ұжыммен бірлесе отырып, педагогикалық шеберлікті шыңдауға, біліктілікті арттыруға уақытты үнемді пайдалану.
  2. Мұғалімдерді  деңгейлік курстарға жіберу.
  3. Атқарылған іс-шаралар мен сабақ нәтіжелерін баспа сөз бетіне жариялау.
  4. Мұғалімдердің ата –аналармен тығыз байланыста болуы.
  5. Мұғалімдер желілік қоғамдастық ресурстарын пайдалануы.
  6. Дарынды және үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс жүргізу
  7. Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру
  8. АКТ құралдарын пайдалану
  9. Сабақта жаңа әдіс тәсілдерді қолдану
  10. Жоғарда аталған мүмкіндіктерді іске асыру , қол жеткізу.

Мұғалімдерге біліктілігін жетілдіру үшін курс, семинар өткізу мүмкіндіктері қарастырылған.

Кәсіби конкурстарға қатысу мүмкіндіктері бар.

Желілік қауымдастық пен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік болады.


Мектепте  мақсаттарына  қол жеткізуге  кері әсер етіп тұрғаны. Мұғалімдердің өзгерістерді баяу қабылдауы, бір жағынан өзгеріс енгізудің дұрыс әрекет екенін мойындап, екінші жағынан оны бұл өзгеріс енгізу  үдерісіне шақырар ма екен деп алаңдап, екі ойлы болғаны.

Сарамандық жұмыстар жасауға құралдардың жетіспеушілігі

Кері байланыс жүйелі жүргізілмеуі.

Дескриптор мен бағалау критерийін тиімді қолданбау. 

Оқушылардың ішінде пәнді игере алмай қалған   үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен жұмыстың әлсіздігі. 


Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив