ата-аналар жиналысының хаттамалары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
ата-аналар жиналысының хаттамалары
31
март
2022

ата-аналар жиналысының хаттамалары

«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»атты онлайн форматта өткізілген ата-аналар жиналысының хаттамасы


2021 жыл,  28 тамыз 


Қатысқандар:   1.  Мектеп директоры 

2. Тәрбие орынбасарлары

3. Педагог-психолог

4. Әлеуметтік педагог

5. Медқызметкер 

  6. Сынып жетекшілер - 24

  7. Ата-аналар – 200


Күн тәртібі: 


  1. «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»тақырыбында баяндама 

 / мектеп директоры С.М.Имиршаева /

  1. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған  «Білім күні»  іс-шарасын  өткізудің маңыздылығы 

 /тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -А.Велахунова/ 

  1. Жаңа оқу жылында мектепте  коронавирустың алдын алу мақсатында санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы 

                                                                /медқызметкер – А.Ильясова/

Тыңдалды: 


  1.  Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.М.Имиршаева сөзге шығып,  ата- аналарды  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі, Аудандық білім бөлімінің  2021-2022 оқу жылының  басталуы туралы  бұйрығымен  таныстырып өтті.

     Мектеп директоры ата-аналарға  жаңа оқу жылында оқушыларды оқыту-дың ерекшеліктері,  жаңа жағдайда оқытудағы  мектеп және отбасының өзара іс қимылы туралы  ақпарат  берді. Ата-аналарға оқу жылындағы оқыту форматында байланысты, мектептің дайындығы туралы  ақпарат беріп, ата-аналардың қойылған сұрақтарына жауап берді.

     Сонымен қатар, қазіргі эпидемиологиялық, әлеуметтік- экономикалық жағдайды ескере отырып, оқушыларға мектеп формасына талаптар уақытша алынып, оқушыларға іскерлік стильдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат берілетіндігін айтып өтті.


    2. Екінші мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -А.Велахунова 

«Білім күні» іс-шарасы дәстүрлі форматта өткізілетіндігі туралы хабарлады. Ол өз сөзінде бірінші сынып оқушылары үшін  алғашқы қоңырауға арналған салтанатты линейканы оларға  «Әліппе»  / «Букварь»  алғашқы оқулығын табыстаумен  санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында өткізілетінін айтты.  Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуінің  ғана қатысу керектігін  ескертті.

 2-11-сыныптарда 1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республи-касы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақыры-бында  сынып сағаты өткізілетіндігін айтып өтті. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетінін айтты.

3.Үшінші мәселе бойынша мектеп медбикесі А.Ильясова сөзге шықты. Ол өз сөзінде жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта оқитын болғандықтан,  қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектепте оқушылардың санитарлық талаптарды  қатаң сақтап,  үнемі маска тағып, антисептикті қолдану керектігін ескертті.

    Сонымен қатар медбике А.Ильясова коронавирус  туралы: «Коронавирус инфекциясының белгілері қандай? Вирус қалай таралады? Қалай сақтану керек?» -деген ата-аналардың  сұрақтарына  жауап беріп,  бейнероликтер көрсетіп, мәліметтер берді. 


Шешім: 

1. Оқу жылының басталуы, Тәуелсіздіктің  30 жылдығына арналған «Білім күні» іс-шарасы санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, тиісті деңгейде ұйымдастырылсын. 

   3. Оқушылардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын  қадағалауата-аналары және мектеп медбикесі А.Ильясоваға  жүктелсін.




Жиналыс төрағасы                            С.М.Имиршаева

Хатшы                                                   Р.З.Улдаханова





ХАТТАМА  № 2

«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі »  коммуналдық мемлекеттік     

                   мекемесінің  жалпымектептік ата-аналар жиналысы

                                           /онлайн формат/


2021 жыл,  15 қазан 


Қатысқандар:   1.  Мектеп директоры -     С.Имиршаева

                             2. Тәрбие орынбасарлары- Р.Улдаханова, А.Велахунова

                             3. Педагог-психолог- кадырова Г.

                             4. Әлеуметтік педагог- Есейова З.

                             5. Медқызметкер – Ильясова А.

                             6. Сынып жетекшілер - 24

                             7. Ата-аналар –  150


 


Күн  тәртібінде:


1. «Қазіргі заманғы психобелсенді заттардың проблемалары»

      тақырыбында баяндама  /медқызметкер А.Ильясова/

2. Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың

 алдын  алу   /Ұйғыр АПБ-ң ЖПҚБ-ң ЮПТ-ң инспекторы Карбаев Д./

 3. Әр түрлі мәселелер.                          


Тыңдалды:


     1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  мектептің медқызметкері А.Ильясова «Қазіргі заманғы психобелсенді заттардың проблемалары»  тақырыбында  баяндама оқыды. 

       А.Ильясова өз сөзінде: 1. Жастардың есірткі және психоактивті заттарды қолдануының әлеуметтік-психологиялық салдары жайлы былай деп түсіндірді.          

Есірткі мен психотропты заттарды қолданудың әлеуметік-психологиялық салдары: есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы; интеллектінің төмендеуі (ойлау, ес, қабылдау, зейін процестерінің бұзылуы); иммунды және жыныстық жүйенің зақымдануы; бүйрек және бауырдың бұзылуы; тыныс алу мүшелерінің зақымдануы; өкпе рагінің және мидың қатерлі ісікке шалдығуы; невроздың пайда болуы; көңіл-күйдің өзгермелілігі, алаңдаушылық; ұйқының бұзылуы;қан,қысымының,көтерілуі; галлюцинациялар,  сандырақтар;   организмге су жетіспеуі, жүрек айнуы, апатия, депрессия; әлеуметтік шеттетілу; өз-өзіне қол жұмсау.

    Есірткі немесе психотропты зат қолданған жеткіншек сырт көзбен қарағанда масайған адамға ұқсайды, дегенмен бір ерекшелік – шарап иісінің болмауы. Психоактивті зат қолданған жеткіншек бойында болатын өзгерістер қатары: Сананың  өзгеруі:  таяздануы, жанамалануы,қараюы.

   Көңіл-күдің өзгеруі: себепсіз қуану, шаттану, көп сөйлеу, қайғыру, орынсыз агрессивтілік;

Қозғалыс   белсенділігінің   өзгеруі:  жоғары жестикуляция, қозғалыстың тежелуі, тынымсыздық, баяушылық, дем алуға үнемі ұмтылу;

Қозғалыс коррдинациясының бұзылуы: жылдамдығы, баяулығы, жүру кезіндегі өзін-өзі ұстай алмаушылық, жазудың бұзылуы.

   Терісінің өзгеруі: денесінің өңінің жоғалуы немесе керісінше қызаруы.

   Көзінің өзгеруі: қатты жылтылдауы, қарашығының үлкеюі, жарыққа жауап қайтара алмауы.

   Сөйлеуінің бұзылуы: жылдамдығы, анық сөйлей алмауы.

Есірткі әдетте адамның көңіл-күйін күшейте түседі. Қанағаттанбағандық депрессияға, қорқыныш дүрбеленге айналуы мүмкін. Кейде есірткіні адам ағзасы қабылдамай да қояды, ондай жағдайда жүрегі айнып, құсып жіберуі мүмкін.

      Тыныштандыратын есірткілер адамды маужыратып, ұйқы шақырады, оның салдарынан оқыс оқиғалар болады. Есірткі – адамның мынадай психикасын өзгертетін құрал: сезім; сана; қоршаған айналаны қабылдау; іс-әрекеті;

Есірткіні қолдану заңмен реттеледі, есірткіні заңсыз қорғау және қолдану қылмыстық жауапкершілікті талап етеді. Жастар арасында кең қолданылатын есірткі түрлері: апиын; гашиш; анаша; экстази.


   2. Екінші мәселе бойынша Ұйғыр АПБ-ң ЖПҚБ-ң ЮПТ-ң инспекторы   Д.Карбаев сөзге шықты. Ол өз сөзінде ҚР-ның  Білім  және  ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы хатымен және ҚР «Қылмыстық кодексіне» енгізілген жаңа баптармен таныстырды. Ата-аналарға  балаларын  кешкі мезгілде көшелерге, ойын-сауық орындарына, кафелерге, т.б. орындарға , түнгі уақытта балаларының  қаржы  табу мақсатында жұмыс істеуге жіберуге болмайтыны туралы ескертті. Сондай-ақ, Ұйғыр АПБ-ң ЖПҚБ-ң ЮПТ-ң инспекторы  Карбаев Д. кәмелетке толмағандардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау жағдайларының  алдын алу керектігін де айтып өтті. Осы мәселе бойынша ескерту жасалып, ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңының баптары талқыланды.


3.Ағымдағы мәселелер бойынша бойыншамектебіміздің әлеуметтік педагогі  З.Есейова биылғы 2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік көмекті қажет ететін  отбасы  оқушылардың тізімін атап көрсетті.  Аталған оқушылар  арасында ыстық   тамақ  беруді   ұйымдастыру мәселесіне   тоқталды. Оқушылардың   мектепте  асханадан  тамақтану   мәселесі    туралы   сөз   қозғалды. Кейбір  балалардың    ата-аналарының  жағдайының  келмей   жататыны, қаржы  мәселесіне  келіп  тірелетіні  анықталды. Оқушылардың   денсаулығының   дұрыс  болуы  үшін  өз  уақытында  тамақтану  адам  ағзасы  үшін  пайдалы екендігі туралы айтылды. Сондай-ақ осы аталған оқушыларға «Мектепке жол»  акциясы аясында   киім-кешектер және канцелярлық тауарлардың    берілетінін  айтып  өтті.

Педагог-ұйыдастырушы Д.Ивизова сөзге шықты. Ол өз сөзінде ата-аналарға балаларын сабақтан қалдырмай  уақытында жіберіп отыруын, мектеп формасын міндетті түрде кию керектігін айтып өтті. Сондай-ақ мектепте «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымының  жұмыс істеп келе жатқандығы туралы айтып өтті. Мектептегі оқушылардың қатысатын үйірмелеріне тоқталып өтті.  Атап айтқанда спорттық, қолөнер, музыка салалары бойынша  үйірмелер  бар екенін, оған оқушылардың міндетті түрде қатысу керектігін айтты. 

Мектеп психологі Г.Кадырова ата-аналарға «Ата-аналар үшін балаларға қатысты сексуалды зорлық туралы» түсініктемелер, психологиялық нұсқаулар берді. Құқық бұзушылық және басқа тәрбие саласындағы мәселелер бойынша «Түрлі-түсті гүл жапырақтары» атты тренинг-жаттығулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға арналған бейне-роликтер  көрсетілді.



                                         Шешім:


  1. Оқушылардың тәртібін қадағалау сынып жетекшілер мен ата-аналарға жүктелінсін.

  2. Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу   жұмыстары күшейтілсін.





Мектеп  директоры                        С.Имиршаева

               Хатшы                                             Р.Улдаханова






Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив