ҰБТ жас түлектер ата аналарына психологиялық кеңес » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰБТ жас түлектер ата аналарына психологиялық кеңес
01
апрель
2022

ҰБТ жас түлектер ата аналарына психологиялық кеңес

Психологтың жоғары сынып оқушыларын
емтихан алдында дайындау жөнінде ата-аналарға
ұсынылатын кеңестері
Балаларыңызға емтиханға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
  • Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
  • Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;
  • Балаңыздың дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
  • Тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіз. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
  • Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тесттік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
  • Балаңызды мадақтап, өзіне деген сенімін жоғарлатуды ұмытпаңыз;
  • Балаңыздың ішетін тағамына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;
  • Емтихан алдында балаңыз толық демалу үшін жағдай жасаңыз. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалуы қажет;
  • Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
  • Есіңізде болсын: Ең бастысы және негізгісі – балаңызды емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу керек. 
Тестке 1-күн қалғанда
  • 1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айтпаңыз.
  • 2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.
  • 3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.
  • 4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз,  керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.
  • 5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.
  • 6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.
  • 7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.
Тест күні
  • 1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқаның сендіріп айтыңыз.
  • 2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық  жаттығулар жасауын қадағалаңыз.
  • 3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.
Тест күнгі тамақтану үлгісі:
  • 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және  мүлдем тамақтанбауғада болмайды.
  • 2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
  • 3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.
Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?
Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау,  ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.
Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.
  • 1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы
  • 2. Есте сақтаудың төмендеуі
  • 3. Сұрақты соңына дейін оқымауы
  • 4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы
  • 5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау
  • 6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық
  • 7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу
  • 8.  Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.
  • 9. Жүрек айну, іш ауру
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив