28
апрель
2020
"Мың тағзым ұлы жеңіске" эссе
Ұлы Отан соғысы (1941-1945)- Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына қарсы жүргізілген соғыс. Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды жене шешуші бөлігі.
"Ұлы Отан соғысы" ұғымы 1941 жылы шілденің 3-інде Сталин радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болған. Сталин өз сөзінде ұлы және отан деген сөздерді бөлек-бөлек ,бір-бірімен байланыстырмай қолданған. Дәл осы сөздер арқылы Ұлы Отан соғысы пайда болды!
Соғысқа көптеген адамдар қатысысты. Көптеген ерліктер көрсеткен ата- бабаларымыз,кейбір ата-бабаларымыздың денелері табылмай қалган жағдайларда көп кездесті! Есімдері көп жерде айтылмайтын: Алманов Әлмағамбет, Ахметқалиев Құмар, Әбдіров Жоламан, Бәтесов Өтепберген, Бекешов Құрман, Бекқұлов Шайхы Салахович, Бекмағамбетоа Бижан, Бисенғалиев Молдамұрат, Бисенов Қайыр, Бизенғазиев Ихсан, Бірмағамбетов Құбай, Ғилманов Айтқали, Дәриев Аманғали, Досмұқанов Зинолла, Демесінов Ерекеш, Ескендіров Қанапия ,Ерекешов Байтұрған т.б 20- миллионнан астам азаматтар өз отбасына қайтпай қалған. Қанша жерден есімдері көп танылмаған болсада, енбектері мол! Елімізге танымал Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов,Рақымжан Қошқарбаев атты ата-апаларымызды айтып өтпесемде бәрімізге аян!
Біздің ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерімізді айтпай өтсем,үлкен айып болар! Алымжан Кивиров атты атамыз Ұлы Отан соғысы ардагері!
Бүгінгі бейбіт елде өсіп-жетіліп,қанаты қатайған өскелең ұрпақ болғанымыз осы ардагер аталарымыздың арқасы. Біз үшін отпен оққа төсенген ардагерлерімізге менің алғысым шексіз! Ұлы Отан соғысы - КСРО жеңісі!......
А.Розыбакиев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі коомуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-А сынып оқушысы Сламжан Қымбат