Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы № 1 » "А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 59-0-32
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-31-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2024

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы № 1

«А.Розыбакиев  атындағы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі

Ата-аналар  жиналысының хаттамасы № 1


 10 тамыз 2023 жыл   

Қатысқандар: 

 1.  Мектеп директоры

 2. Тәрбие орынбасары

 3. Әлеуметтік педагог

 4. Бахар ауылдық округінің бас маманы

 5. Қамқоршылық  кеңес мүшелері

 6. Ата-аналар

 7. Сынып жетекшілер


      Күн тәртібінде: 


    1. 2023-2024 оқу жылының басталуына байланысты   жағдайы төмен отбасы балаларына жәрдемдесу туралы 


       Тыңдалды: 


    Бірінші  мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогі Талипов Д. сөзге шықты. Ол өз сөзінде биылғы оқу жылында жағдайы төмен отбасы балаларына  жалпыға бірдей білім беру қорынан әр балаға 40 567 тенге бөлінгендігі туралы хабарлады. Бұл қаражат балалардың мектеп формасы мен мектеп құралдарын сатып алуға жәрдемдесу екенін айтып түсіндірді. Осы топтағы балалардың өмір сүру  жағдайларын жетілдіру бойынша ұсыныстар қарастыру қажет екенін айтты. Ата-аналарды № 64 Қаулымен таныстырып өтті.

    Сондай-ақ, әлеуметтік педагог Д.Талипов ата-аналарға өтінішке растайтын құжаттар тізімін атады:

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға:

АӘК алатынын растайтын анықтама;

  1. Мемлекеттік АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға:

Заңды өкілдерінің жұмыссыз және табысын растайтын құжаттары.

  1. Жетім және ААҚҚ балалар үшін Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты  (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
  2. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар 

Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зіл-залаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы  «ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдайлардың актісі»  қоса беріледі.


     Келесі сөзге  Бахар ауылдық округінің бас маманы  Мавкеева С. шықты. Ол өз сөзінде  атаулы әлеуметтік көмек  (АӘК) алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және т.б. көрсетілетіні туралы хабарлады.

      Келесі сөзге қамқоршылық кеңестің төрайымы Туткаева Асем сөзге шықты. Ол өз сөзінде ЖБББ аясында  атаулы әлеуметтік көмек  (АӘК) алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және т.б. көмек беру үшін демеушілер тарту керектігін айтып өтті. Кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, қуаттады.


Шешім:


2023-2024 оқу жылының  жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражатқа, мемлекет тарапынан атаулы көмек алатын отбасылардың мектепте оқитын барлық балаларын және атаулы көмек  алмайтын бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына /отбасындағы бір балаға/ материалдық көмек берілсін.




              Мектеп директоры:                         С.Имиршаева

              Хатшысы:                                        Р.Улдаханова 


Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив